Жаңалықтар

21.05.2018
Өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары туралы

Алматы, Қазақстан - Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өзінің барлық 18 өңірлік филиалында «Өзіне-өзі қызмет көрсету терминалы» жобасының өнеркәсіптік пайдалануға берілгендігін хабарлайды. Бұл жоба «БЖЗҚ» АҚ-тың Корпоративтік даму стратегиясы аясында жүзеге асырылды. Осы стратегияға сәйкес, Қор өзінің көрсететін қызметтерінің сапасын арттыра отырып, салымшыларға зейнетақы жинақтарын қалыптастыруға ұйымдық тұрғыдан көмек көрсетеді.
19.05.2018
Өзін-өзі жұмыспен қамтушыларды ел экономикасына тарту жолдары

Өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың мәселесі бүгін пайда болған жоқ. Ол талай жылдан бері көтеріліп келеді. Бірақ, Елбасының сынынан кейін бұл мәселе бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен талқыланды.
18.05.2018
Зейнетақының сақталуына мемлекет кепіл

Зейнетақы жинақтарының сақталуы – әрбір қазақстандықты толғандыратын келелі мәселелердің бірі. Бүгінгі салымшылардың басым бөлігі ондаған жылдардан кейін зейнетке шығатынын ескерсек, жұртшылықтың алаңдаушылығын түсіну қиын емес. Қарттық шағына қаржы жинауға асықпайтын кей отандастырмыз да өз бейқамдығын ақтау үшін «Зейнетақымыздың сақталатынына кім кепіл?» деген сылтау айтады.
17.05.2018
БЖЗҚ басшысы зейнетақы жүйесіне қатысты маңызды мәселелерге түсініктеме берді

БЖЗҚ Басқарма төрайымы Нұрбүбі Наурызбаева «Капитал.kz-ке» берген сұхбатында қазақстандық жинақтаушы зейнетақы жүйесінде орын алып жатқан өзгерістерді толығырақ түсінуге мүмкіндік беретін бірқатар қызықты сараптамалық есептеулерді алға тартып өтті. Әлеуметтік ірі топтар келешектегі зейнетақы төлемдеріне әлі де болса мемлекеттің немесе адамның өзі жауапты болуы тиістігін анықтай алмай жатқандай.
16.05.2018
Қарттық шақ қазыналы болсын десеңіз...

Адам баласы негізі мектеп жасына дейін және зейнеткерлікке шыққаннан кейін еркіндеу өмір сүреді екен.
15.05.2018
5 сұрақ

Дәстүрлі «5 сұрақ» айдарын жалғастыра отырып, оқырман назарына келесі ақпараттарды ұсынамыз.
Зейнетақы шотынан үзінді-көшірмені салымшылар мен алушыларға жылына бір рет конвертпен жіберудің не қажеті бар? Мүмкін жаппай электрондық хабарлау тәсіліне ауысатын уақыт келген шығар?
14.05.2018
БЖЗҚ-ның 8,7 мыңнан астам салымшысы зейнетақыны жоспарлауды үйренді

2018 жылы сапалы қызмет көрсетуден басқа, Қор алдына тұрғындар арасында зейнетақыны жоспарлау мәдениетін дамыту мақсаты қойылды.
14.05.2018
БЖЗҚ қашықтықтан ақпарат және кеңес береді

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының акционері мен директорлар кеңесі Қор қызметінің барынша ашық болуына, Қордың салымшылары және зейнетақы төлемдерін алушыларымен тиімді коммуникациялық байланыс орнатуға айрықша мән береді. Қор өз кезегінде бұл үшін барлық мүмкіндіктерді пайдаланды.
14.05.2018
БЖЗҚ: жеке қорлардың проблемалық мұрасына қатысты белсенді жұмыстар жүргізілуде

Еске сала кетелік, БЖЗҚ құрылмас бұрын зейнетақы нарығында мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры және бірқатар жеке жинақтаушы зейнетақы қорлары жұмыс істеді. Осы кезеңде салымшылардың бір қордан екінші қорға ауысуына және мемлекеттік қорда шоттардың автоматты түрде ашылуына байланысты «техникалық», яғни талап етілмеген және қосарлы шоттар пайда бола бастады.
14.05.2018
«БЖЗҚ» АҚ 2017 жылы және 2018 жылдың 1 тоқсанында атқарған қызметінің қорытындысы

Алматы, Қазақстан – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы және меншікті активтері бойынша 2017 жылғы қаржы есептілігіне сыртқы аудит жүргізілді. 2018 жылдың 1 қаңтарына қарай «БЖЗҚ» АҚ меншікті капиталы 91,3 млрд теңгені құрап, есепті жылда 18,1 млрд теңгеге өсті. Өсім есепті кезеңде үлестірілмеген пайданың артуына байланысты қалыптасты. Есепті жыл ішінде салық салудан кейін қалған таза пайда - 18,2 млрд теңгені құрады.
14.05.2018
БЖЗҚ қызметтерінің сапасы халықаралық стандарттарға сәйкес келеді

2018 жылдың наурыз айында «БЖЗҚ» АҚ Сапа Менеджменті Жүйесі бойынша (СМЖ) сертификациялық аудиттен сәтті өтті. Мақсат – оның ISO 9001:2015 халықаралық стандартының зейнетақы қызметтерін көрсету саласындағы талаптарына сәйкестігін растау. Аудитті алдыңғы қатарлы TЬV Thьringen e.V (ТЮФ Тюринген, Германия) еуропалық компаниясының халықаралық аудиторлары жүргізді.
11.05.2018
БЖЗҚ-ның өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға қатысты белсенді жұмысы

Биыл ақпан айынан бастап БЖЗҚ өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға қатысты жұмыстарды күшейтті. Осылайша, Қорда зейнетақы жарналары түспейтін шоттарды өңдеу туралы бастама көтерілді. Сөйтіп, 2015-2017 жылдар аралығында ашылған, бірақ содан бері бірде-бір рет жарна түспеген, сондай-ақ, зейнетақы жинақтары бар, бірақ 2017 жылы еш жарна түспеген шоттар анықталды.
11.05.2018
Қазақстандықтардың жартысынан астамы зейнетақы жүйесіне сенеді

2017 жылдың соңында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры «Қоғамдық Пікірлерді Зерттеу Орталығы» ЖШС бірлесе отырып, әлеуметтік зерттеу жүргізді. Соның нәтижесі бойынша қазақстандықтардың зейнетақы Қорына және отандық зейнетақы жүйесіне қаншалықты сенетіндігі, сондай-ақ тұрғындардың зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржылық сауатылығының деңгейі анықталды.
11.05.2018
ҚР Ұлттық Банкінің инвестициялық қызметі

Зейнетақы активтерінің валюталық портфеліне қатысты жаңа стратегиялық үлестірім аясында зейнетақы активтері дамушы және дамыған елдердің облигациялары мен акцияларының ғаламдық индексіне инвестицияланатын болады.
10.05.2018
«БЖЗҚ» АҚ және «Қазпошта» АҚ арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы мен «Қазпошта» акционерлік қоғамы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Беттер