Жаңалықтар

02.03.2017
Азаматтарға арналған үкіметте онлайн сурдоаударма қызметі іске қосылды

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияда сөйлеу және есту қабілеті бұзылған азаматтарға мемлекеттік қызметтерді көрсетуде жаңа сервис пайда болды. Енді бұл адамдарға ымдау тілінің кәсіби маманы арнайы қосалқы монитордан шынайы уақыт режимінде сурдоаударма ұсынатын болады. Бұл пилоттық жоба Азаматтарға арналған үкіметтің бастамасымен «Ауған соғысының қазақстандық республикалық мүгедектер бірлестігі» қоғамдық бірлестігімен біріге отырып жүзеге асырылды.
27.02.2017
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы ақпарат

Жер реформасы бойынша Комиссияның жер заңнамасын жетілдіру жөніндегі дайындалған ұсыныстарын заңнамалық реттеу мақсатында, Жер кодексіне келесі нормалар қарастырылған өзгерістер мен толықтырулар енгізу қарастырылады:
1. Қазақстандықтарға ауыл шаруашылығы жерлерін жалға беру институтын сақтау және жетілдіру;
2. Қазақстандықтарға жалға берілетін ауыл шаруашылығы жерлерінің шектеу (ең жоғары) мөлшерін белгілеу;
24.02.2017
ХАБАРЛАМА

«Шалқар қаласы әкімінің аппараты» ММ-де , 2017 жылдың 6 наурызында жергілікті сағат 1500-де жергілікті қоғамдастық жиналысы өткізіледі.
22.02.2017
ҮЕҰ Дерекқоры бойынша Жадынама

ҮЕҰ Дерекқоры жөніндегі мәселелерді реттейтін нормативтік құқықтық актілер:
- «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» 2005 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 19 ақпандағы № 51 мәдениет және спорт министрінің бұйрығы.
ҮЕҰ Дерекқорына кімдер мәлімет беру керек:
«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 41-бабы 5-тармағына сәйкес мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, қор, қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестіктері нысанында, сондай-ақ осы Заңның 17-бабында көзделмеген өзге де ұйымдық-құқықтық нысандарда құрылған коммерциялық емес ұйымдар, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкiлдiктерi (оқшауланған бөлiмшелерi) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға жыл сайын 31 наурызға дейін үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган бекітетін тәртіппен өз қызметі туралы, оның ішінде өз құрылтайшылары (қатысушылары), мүлкінің құрамы, ақшаны қалыптастыру көздерi мен жұмсау бағыттары туралы мәліметтерді ұсынады.
17.02.2017
2017 жылы БЖЗҚ-дан міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алу тәртібі мен мөлшері туралы

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасында азаматтарды зейнетақымен қамсыздандырудың құқықтық және әлеуметтiк негiздерiн айқындайды, азаматтардың зейнетақымен қамсыздандырылуға конституциялық құқығын iске асыруға мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қатысуын регламенттейді.
БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары болған кезде белгіленген кесте бойынша міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдеріне:
- 63 жасқа толған ерлердің, 58 жасқа толған әйелдердің (2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – 58,5 жасқа толған, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – 59 жасқа толған, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – 59,5 жасқа толған, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60 жасқа толған, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60,5 жасқа толған, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61 жасқа толған, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61,5 жасқа толған, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62 жасқа толған, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62,5 жасқа толған, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 63 жасқа толған әйелдердің);
- егер мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленсе, бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектердің құқығы бар.
16.02.2017
ХАБАРЛАМА

«Шалқар қаласы әкімінің аппараты» ММ-де , 2017 жылдың 10 ақпанында жергілікті сағат 1500-де жергілікті қоғамдастық жиналысы өткізілді.
16.02.2017
БЖЗҚ-ның әрбір 4-шы салымшысы электрондық хабарлау тәсілін таңдады

Шамамен 2,6 млн. адам (БЖЗҚ-да 10 млн. жеке зейнетақы шотының бар екенін еске саламыз) электрондық хабарлау тәсілін таңдаған, олардың ішінде 2,4 млн. адам Қордың корпоративтік сайты немесе әртүрлі операциялық жүйелерде жұмыс істейтін смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы өз зейнетақы шотын бақылай алады. Мысалы, 2016 жылы ұялы қосымшаны жүктеу саны 78%-ға артқан, ал 2017 жылғы 1 қаңтарда жүктеу саны 509,7 мыңға жетті.
15.02.2017
Тұрғын үй көмегін электрондық порталда алуға болады

Қазақстан Республиасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысына сәйкес, Шалқар аудандық мәслихатының 2010 жылғы 20 шілдедегі № 212 «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы» шешімін басшылыққа ала отырып ,аудан көлемінде аз қамтылғант отбасыларына коммуналдық қызметтер шығының өтеу мақсатында тұрғын үй көмегі тағайындау және төлеу ережесі бекітіліп қолданысқа енгізілген болатын
Бүгінде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі аудан көлемінде аталған Заңдарды басшылыққа алып, аз қамтылған отбасыларына тұрғын үй көмегін тағайындап,төлемін жүргізіп келеді.
09.02.2017
Аудан тұрғындарының назарына!

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ӘКІМІ Б.САПАРБАЕВТЫҢ ХАЛЫҚ алдында 2017 жылы 22-АҚПАНда есеп беруіне байланысты ұсыныс, сұрақтарға арналған жәшіктердің орналасқан жері туралы ақпарат
08.02.2017
Хабарлама

Зейнет жасына таяп қалған адамдарды сондай-ақ зейнетке шыққан зейнеткерлерді зейнетақы есебіндегі жыл сайынғы өзгерістер толғандыратыны сөзсіз. Сіз үшін бұл қиын ба? Біз сізге осы мәселенің шешімін табуға көмектесеміз. Сол үшін БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін ресімдеу мен алу тәртібіне қатысты ең өзекті сауалдарға берілетін жауаптарды Сіздің назарыңызға ұсынамыз.
07.02.2017
«Универсиада-2017» атты акция

Елімізде алғаш рет жалауы желбіреген, еліміздің әлеуетін әлемге танытатын - 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданы жастар арасында кеңінен насихаттау және қазақстандық спортшыларымызды қолдау аясында «Универсиада-2017» атты аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен акция өтті.
07.02.2017
Жастар балы

Аудандық жастар ресурстық орталығы және «Жас Отан» Жастар қанатының бірлесе ұйымдастыруымен №8 жалпы орта білім беретін мектепте жастар балы өтті.
01.02.2017
Спорт жаңалықтары

Алматы қаласында өтетін «Универсиада 2017» қолдау мақсатында «Шалқар аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Шалқар көлі газшылар қалашығы маңында ересектер арасында 28 қаңтар күні шаңғыдан аудандық біріншілік болып өтті.
31.01.2017
ХАБАРЛАМА

«Шалқар қаласы әкімінің аппараты» ММ-де , 2017 жылдың 10 ақпанында жергілікті сағат 1500-де жергілікті қоғамдастық жиналысы өткізіледі.
31.01.2017
ХАБАРЛАМА

Ағымдағы жылдың 27 қантарында Шалқар қаласы әкімінің аппаратында жергілікті қоғамдыстықтың жиналыстыры өтті

Беттер