Жаңалықтар

15.07.2016
Мүлікті жария ету

Мүлікті жария ету – табыстарды жасыру мақсатында заңды экономикалық айналымнан шығарылған және еліміздің заңнамасына сәйкес ресімделмеген не тиісті емес тұлғаға ресімделген мүлікке құқықтарды мемлекеттің тану рәсімі екендігін атап өту қажет. Сонымен бірге, жария етілген капитал түрінде экономикаға қосымша қаражатты тарту – оның басты мақсаты екенін ескерген жөн. Науқан бар мүлікті жария етуге және заңды айналымға енгізуге мүмкіндік береді.
13.07.2016
Мамандандырылған ХҚКО-ларда көлік құралдарын тіркеу мерзімі қысқартылды

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мамандандырылған ХҚКО-да автокөлікті бір сағат ішінде тіркеуге (бұрын 2 сағаттан көп уақыт кететін) мүмкіндік беретін пилоттық жобаны іске қосты.
13.07.2016
Бала тууына берiлетін жәрдемақыны бір ғана өтінішпен рәсімдеуге болады

Бала өмірге келген сәттен бастап ата-анасының бірі біржолғы жәрдемақы алуға және бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемдерге қақысы бар.
13.07.2016
«Қазақша күрестен» аудандық жарыс

Аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 2016 жылдың 9 шілде күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Астана күні мерекесіне орай «Қазақша күрестен» аудандық жарыс өткізілді.
12.07.2016
ХАБАРЛАМА

Қала әкімі аппараты, қала тұрғыны Жанұзақова Алма Сағынтайқызының арызы негізінде Шалқар қаласының Даму аймағының №№ 390-420 жер учаскелері орналасқан атаусыз көшеге соғыс және еңбек ардагерлері Жанұзақов Сағынтай және Жанұзакова Айыштың есімдерін беру туралы ұсынысын қарауда.
11.07.2016
Хабарлама

"Мүлікті жария ету акциясы" атты ашық есік күні өткізіледі.
07.07.2016
Хабарлама

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, 6 шілде Елордамыз Астана күнін мерекелеуге арналған спорттық бұқаралық іс-шаралар 2016 жылдың 6 шілде күні Отан спорт кешені ғимараты алдында қол күрес және гір көтеру спортынан жарыс ұйымдастырылды.
04.07.2016
Хабарлама

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай және 23 маусым Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілері мерекесі қарсаңында «Шалқар аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен 2016 жылдың 24 маусымы күні В.Н.Цеханович атындағы №1 балалар жасөспірімдер спорт мектебінің футбол алаңыныда және дене шынықтыру сауықтыру кешенінде шағын футбол, тоғызқұмалақ және дойбы жарысынан спорттық іс-шаралар өткізілді.
28.06.2016
Шалқар ауданы әкімі жанындағы мүлікті жария ету жөніндегі комиссияның жұмыстары туралы мәлімет

Аудан әкімі жанындағы комиссия ҚР 2014 жылғы 30 маусымдағы №213-V ҚРЗ «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңын басшылыққа алып жұмыс жасап келеді.
28.06.2016
ВОЛЕЙБОЛДАН АУДАНДЫҚ ЖАРЫС

Аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 24 маусым күні мемлекеттік қызметкерлер күніне орай аудандағы мемлекеттік мекемелер мен ауылдық округтердің жас мамандары арасында волейболдан аудандық жарыс өткізілді.
27.06.2016
Ашық үкімет

Өткен жылдың мамыр айында, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әлемнің дамыған 30 елдердің қатарына кіру мақсатында бес институционалдық реформаларды жүзеге асыру үшін 100 нақты қадамдарды белгілеген.
24.06.2016
Хабарлама

«Тоғыз ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-де 2016 жылдың 28 маусымында жергілікті қоғамдастық жиналысы өткізіледі
24.06.2016
ХАБАРЛАМА

«Шалқар қаласы әкімінің аппараты» ММ-де , 2016 жылдың 04 шілдесінде жергілікті сағат 1500-де жергілікті қоғамдастық жиналысы өткізіледі.
24.06.2016
Бағжанов Есенаман ҚР жеңімпазы!

2016 жылы 18-19 маусым күндері Өскемен қаласында грек-рим күресінен жастар арасында ҚР чемпионаты өз мәресіне жетті. Еліміздің ең мықты деген палуандары өнер көрсететін жарыста Макон қаласы Франция елінде Әлем чемпионатына жолдама алатын есімдері белгілі болды.
22.06.2016
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

«Шалқар аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ, (Шалқар қаласы, Әйтеке би көшесі 47 А, 313 каб.) «Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерін бекітіп беру» бойынша конкурс өткізілетіндігі туралы жариялайды.

Беттер