Жаңалықтар

21.06.2016
«Рәмізі биік елдің – рухы асқақ» тақырыбында рәміздер байқауы өтті.

Жастар арасында рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу, патриоттық сезімді дамыту мақсатында 2016 жылдың 17 маусым күні аудандық ішкі саясат бөлімі және жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен аудандық оқушылар сарайында «Рәмізі биік елдің – рухы асқақ» тақырыбында рәміздер байқауы өтті.
20.06.2016
Сапа мен қолжетімділік – мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынудағы жұмыс тиімділігінің басты көрсеткіші

Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында халыққа мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын арттыру арқылы азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін көтеру мәселесі үнемі айтылып жүр. Бүгінде елімізде реформаларды тиімді жүзеге асыру үшін Ұлт жоспары – мемлекеттік құрылыстың 100 нақты қадамы жасалды. Мемлекет басшысы қабылдап отырған шаралар және ұлттық комиссия құрылуы бес институттық реформаларды ойдағыдай жүзеге асырудың негізі болмақ. Бұл «Қазақстан-2050» Стратегиясының мақсаттары мен міндеттеріне ойдағыдай қол жеткізуге мүмкіндік беретіні анық. Институттық реформаның біріншісі – бүгінгі заманғы кәсіби және автономды мемлекеттік аппарат қалыптастыру.
17.06.2016
ХАБАРЛАМА

Қала әкімі аппараты, белсенді топтардың өтініштері негізінде, Шалқар қаласының Даму аймағының №№ 59-108, 69-132 жер учаскелері орналасқан атаусыз көшелерін Жұмағали Қабақбаев және ағайынды Қалжановтардың есімдерімен атау, ал Құрылысшылар көшесінің атауын Есбосынов Хамиттің есімімен қайта атау туралы ұсыныстарды қарауда.
16.06.2016
Sim-картадағы ЭЦҚ

2015 жылдан бастап біздің елде қызметтерді алу бұрынғыдан да жеңілдеді, бастысы жылдамдады. Мобильдік қолтаңба технологиясы «мобильдік үкімет» жобасы жаңалықтарының бірі, сондай-ақ оның маңызды құрамдасы болып табылады.
Бұрын біз пайдаланушы ЭЦҚ компьютерде, тасымалды құрылғыда немесе жеке куәлікте жазылған түрде көріп үйрендік. Енді пайдаланушы ЭЦҚ оның sim-картасына байланыстырылуы тиіс. Басты артықшылығы пайдалану оңайлығы және мобильділік болып табылады. Пайдаланушы сұранысын растау үшін мәтіндік хабарламалар жіберуге қабілетті ең қарапайым телефон қажет.
10.06.2016
Қазақстандықтар тұрғылықты жеріне тіркелместен жүргізуші куәліктерін ала алады

Жетінші маусымнан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мамандандырылған ХҚКО-ларында қазақстандықтар автомектептерде оқымай және тұрғылықты жеріне тіркелместен жүргізуші куәліктерін ала алатын өзгерістер күшіне енді. Жаңа қағидалар «А» және «В» санатындағы, сондай-ақ «А1» және «В1»кіші санатындағы жүргізуші куәліктерінетаратылады.
02.06.2016
Хабарлама

Қазақстан Республикасының Жер кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды талқылау жөніндегі үш жақты комиссия құрылды. Саll- орталығының 8 (71335) 49-1-12 телефон нөмері.
02.06.2016
Шалқар ауданы әкімі жанындағы мүлікті жария ету жөніндегі комиссияның жұмыстары туралы мәлімет

Аудан әкімі жанындағы комиссия ҚР 2014 жылғы 30 маусымдағы №213-V ҚРЗ «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңын басшылыққа алып жұмыс жасап келеді.
01.06.2016
Қоғамдастық жиналысындағы келісім

2016 жылдың 30 мамыры күні Шалқар ауылдық округі кеңсесінде жергілікті қоғамдастықтың жиналысы өтті. Күн тәртібінде қаралған мәселе округ әкімі қызметіне аудан әкімі ұсынған кандидатуралар туралы.
31.05.2016
ХАБАРЛАМА

«Шалқар қаласы әкімінің аппараты» ММ-де , 2016 жылдың 10 маусымында жергілікті сағат 1500-де жергілікті қоғамдастық жиналысы өткізіледі.
31.05.2016
Суда абай болыңыздар!

Азаматтар! Суда абай болыңыздар! Судағы қауіпсіздік ережелері мен сақтық шараларын сақтаңыздар, сонда су жағасындағы демалыс қайғылы болмайды.Естеріңізде болсын! Егерде Сізбен қауіпті жағдай төнсе, Сізге көмек қажет болса «112» Құтқару қызметінің телефон номерін теріп алыңыздар.
29.05.2016 жылы жергілікті уақытпен 18-54 минутта Шалқар көлінде оқыс жағдай орын алғаны хабарланады.
30.05.2016
ХАБАРЛАМА

Қала әкімі аппараты, белсенді топтардың өтініштері негізінде, Шалқар қаласының Даму аймағының №№ 187-264 , 240-355, 89-146 жер учаскелері орналасқан атаусыз көшелеріне, Орынбасар Ақжанов , Үбиін Аққошқаров және Қайып Сәлпеновтың есімдерімен атау туралы ұсыныстар қарауда.
27.05.2016
Хабарлама

Шалқар ауданының медицина қызметкерлері арасында кезекті ұлттық ойындар спартакиадасы өткізілді. «Біз белсенді ұзақ өмір сүруді қолдаймыз» атты ұранмен өткізілген жарыс № 1 мектеп гимназия спорт алаңында ауырмаудың жолын іздеп психоәлеуметтік бөлім және салауатты өмір салтын қалыптастыру кабениетінің ұйымдастыруымен өткізілді.
27.05.2016
Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек көрсетіледі

Шалқар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бойынша ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 заңының 18 бабының 5 тармақшасына және аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 24 қыркүйек айындағы № 102 «Шалқар ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет,спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек көрсету туралы» шешіміне сәйкес 5,0 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жыл сайын әлеуметтік көмек көрсетіліп келеді.
27.05.2016
«Өрлеу» жобасына қатысыңыз

1 қаңтар 2016 жылдан бастап Шалқар аудандық мәслихатының 25 желтоқсан 2015 жылғы № 255 «Шалқар ауданында әлеуметтік көмек көрсету,мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Шешіміне сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен төленетін «Өрлеу» жобасы әлеуметтік көмектің жаңа тәсілі шартты ақшалай көмек қолданысқа енгізілді.
24.05.2016
Жыл үздігі - 2016

Аудандық ішкі саясат бөлімі және аудандық жастар ресурстық орталығының бірлесе ұйымдастуымен мамыр айының 20 жұлдызы күні №2 мектеп-гимназиясында оныншы сынып оқушыларының арасында аудандық «Жыл үздігі - 2016» білімділер сайысы өткізілді.

Беттер