Шалқар аудан әкімі Б.Н.Қаниевтің «Шалқар ауданының 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2018 жылға арналған міндеттері туралы» есебі

Аудан әкімі Б.Н.Қаниевтің «Шалқар ауданының 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2018 жылға арналған міндеттері туралы» есебінің
ТЕЗИСТЕРІ
КІРІСПЕ
Ауданның 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне сәйкес, өткен жыл жақсы жетістіктермен аяқталды деп айтуға толық негіз бар. Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауында, «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған міндеттер басшылыққа алынып, тиісті жұмыстар ұйымдастырудың нәтижесінде жақсы көрсеткіштерге қол жеткізілді.
Аудан әкімінің өткен жылғы 12 ауылдық округте және қалада тұрғындар алдындағы есепті кездесулері кезінде халықтың өтініштері, ұсыныс-пікірлері, сын-ескертпелері тыңдалып, көтерілген түйінді мәселелер бойынша іс-шаралар жоспары жасалды. Іс-шаралар жоспарына 10 мәселе енгізіліп, оларды жүзеге асырудың жолдары белгіленіп, орындалуы қатаң бақылауға алынды. Нәтижесінде жыл көлемінде бұл мәселелердің барлығы да шешімін тапты. Атап айтқанда, іс-шаралар жоспарына енгізілген мәселелердің 9-ы толық шешілді, 1-уі ауыспалы негізде жүргізілуде, яғни 2018 жылы аяқталады.
Сонымен бірге, облыс әкімінің есебі кезінде туындаған сұрақтар бойынша 3 мәселе белгіленіп, 2-уі шешілді, 1 мәселе бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Мемлекеттік және салалық бағдарламалар бойынша жұмыстар жалғастырылды, несиелер алынды, жаңа жұмыс орындары құрылды. Осылайша, Елбасы Жолдауында көрсетілген тапсырмаларды орындау барысында төмендегідей негізгі экономикалық көрсеткіштер қалыптасты.
НЕГІЗГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР
2017 жылдың 1 желтоқсанындағы статистикалық мәліметтер бойынша өнеркәсіптік өнім өндіру көлемі 13,9 млрд.теңгені құрады, нақты көлем индексі 100,3% , оның ішінде
тау-кен өнеркәсібінде нақты көлем индексі–100,8 %,
Ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемі 9,7 млрд.теңгені құрады, нақты көлем индексі104,4%, оның ішінде
мал шаруашылығында нақты көлем индексі – 104,6 %.
өсімдік шаруашылығында нақты көлем индексі–104,0 %.
Негізгі қорға тартылған инвестиция көлемі 43,7 млрд.теңгені құрады, нақты көлем индексі182,2%.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 21,4 млрд.теңгеге жетті, нақты көлем индексі100,4 %.
Жұмыс жасайтын шағын және орта бизнес субьектілерінің саны1880 бірлікті құрады , өткен жылмен салыстырғанда 103,2%.
БЮДЖЕТ
2018 жылдың 1 қаңтарынааудан бюджетінің кіріс бөлігінің болжамды көрсеткіштері 116,0 пайызға орындалып, 3119,3 млн.теңге түсті.
Салық салу базасын ұлғайту іс-шараларына сәйкес қосымша 191,1 млн.теңге салық түсімдері есептелінді.
Аудан бюджетінің шығыстарының есепті мерзімдегі нақтыланған жоспары жоғары тұрған бюджеттерден бөлінген трансферттер мен субвенцияны қосқанда 8674,0 млн. теңге, орындалуы 8673,9 млн. теңге болып, 100,0пайызға орындалды. Негізгі қаржыландыру білім саласына - 5019,5млн.теңге, әлеуметтік қорғауға –491,1млн.теңге, мәдениет және спорт саласына- 301,2млн.теңге, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және құрылыс саласына 1873,5млн.теңге және т.б жұмсалды.
Міндеттері:
- Салықтар мен бюджеттік төлемдердің толық және уақтылы бюджетке түсуін қамтамасыз ету;
- Салық базасын ұлғайту жөніндегі жұмыстарды жалғастыру.
- Бөлінген қаржыны уақтылы, толық игеруге жұмыс жүргізу
ӨНЕРКӘСІП
Өткен жылдың 11 айында өнеркәсіптік өнім өндіру көлемі13,9 млрд.теңге құрады, нақты көлем индексі 100,3 %.
Жалпы өнеркәсіп өнімінің 76,3 пайызын құрайтын тау-кен өнеркәсібінде нақты көлем индексі 100,8%. Мұнай, газ, қиыршық тас өндіруші кәсіпорындардың тұрақты жұмыс жасауының, жергіліктіатқарушы органдардың ай сайынғы тұрақты бақылауының нәтижесінде өткен жылғы өнім көлемінен асыра орындауға қол жеткізілді.
Өткен жылы жеке кәсіпкердің қаржысына қаладағы бұрынғы минералды су құю цехын жалпы құны 780,0 млн.теңгеге қайта жарақтау жұмыстары басталып, биылғы жылы іске қосылады деп жоспарланып отыр.
Бозой ауылдық округі аумағынан тәулігіне 27,0 млн текше метр газ құрғататын газ құрғату қондырғысының құрылысы салынып, іске қосылды.
Міндеттері:
- Өнеркәсіптік өнім өндіру көлемін өткен жылдың деңгейінен кемітпеу мақсатында тиісті шаралар қабылдау.
- Тоқтап тұрған кәсіпорындардың жұмыс жасауына қолдау көрсету
- Минералды су құю цехының уақтылы іске қосылып, тұрақты өнім шығаруына жан-жақты қолдау көрсетіп, жұмыстар ұйымдастыру
ИНВЕСТИЦИЯЛАР
2017 жылдың 11 айында негізгі қорға 43,7 млрд.теңге инвестиция тартылды. Нақты көлем индексі 182,2%. Оның ішінде, бюджеттік қаражаттар – 1,8млрд.теңге, кәсіпорындардың меншікті қаражаттары – 40,5млрд.теңге, басқа да несие және банк қаражаттары – 1,4млрд.теңгені құрады.Өткен жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан 916,0 млн.теңге қаржы бөлінді.
Міндеттері:
-Экономиканың түрлі салаларына инвестиция тартып, нақты жобаларды жүзеге асыру мақсатында ірі кәсіпорындармен және кәсіпкерлермен жұмыстар жүргізу
-Ауданға тартылатын инвестиция көлемін ұлғайту үшін «Инвесторларға қызмет көрсету орталығымен» тұрақты байланыс жасау.
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2017 жылдың 1 желтоқсанына 9,7 млрд.теңгеге орындалып, нақты көлем индексі 104,4 %- ды құрады.
Ауыл шаруашылығы құрылымдары салаға 135,2 млн.теңге инвестиция тартты, өткен жылдан 14,0 % пайызға артық.
«Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» бағдарламалары бойынша 255 бас мүйізді ірі қара, 104 бас жылқы, 280 бас қой алынып, ауданға берілген тапсырмалар артығымен орындалды. Осының нәтижесінде мал басының барлық түрінен де өсімге қол жеткізілді. Ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдары асыл тұқымды 342 бас МІҚ, 600 бас қой, 33 бас жылқы сатып алып, мал басын асылдандыру жұмыстарын жүргізуде.
Мал азығын дайындау, мал бордақылау алаңдарына бұқашықтар тапсыру, экспортқа ет өткізу тапсырмалары да артығымен орындалды.
Өткен жылы экспортқа Башқұртстанға 10 тн қой еті өткізілді.
2017 жылы ауыл шаруашылық құрылымдарына 114,2 млн.теңге субсидия , жаңадан техника алған және ұңғыма қаздырған шаруа қожалықтарына 9,2 млн.теңге инвестициялықсубсидияларытөленді.
Қазіргі таңда 13 ауыл шаруашылығы кооперативтері жұмыс жасаса, оның 6-уы өткен жылы құрылды. Есепті кезеңде 8 ауыл шаруашылығы кооперативі 187,4 млн.теңге несие алып, мал шаруашылығын дамыту бағытында жұмыстар жүргізуде. 2 АШК жұмыстарын жандандыру мақсатында лизингке тері, ет таситын рефрижатор көліктерін алды.
Жалпы, өткен жылы «Қазагроқаржы» АҚ арқылы 3 шаруа қожалығы лизингке 1 трактор, 3 шөп тиегіш және 1 шөп буғыш техникаларын алды.
Жылтыр елді мекенінен көлемі 0,04 га болатын жылыжай кешені ашылып, екі маусымда көкөніс дақылдары егілуде.
Е.Көтібарұлы а/о территориясынан «Нұралы» шаруа қожалығы жалпы құны 120,0 млн.теңге болатын 400 басқа арналған мал бордақылау және мал сою алаңының, ет өңдеу цехының құрылысын аяқтап, құрал-жабдықтарын сатып алуда. Биылғы жылы іске қосылады деп жоспарланып отыр.
Шалқар қаласы М.Шманұлы ауылынан «Бауыржан» шаруа қожалығы мал бордақылау алаңы мен құс фермасының құрылысын аяқтап, іске қосты.
Тұрғындарды жергілікті өнімдермен қамтамасыз ету және суармалы жерлерді көбейту мақсатында шаруа қожалықтары мен жеке тұрғындар397 га жерге картоп, көкөніс және бақша дақылдарынегіп,1403 тн. картоп, 2786 тн. көкөніс, 1765 тн. бақша өнімдері жиналды.
Дәстүрлі емес шаруашылықтарды дамыту үшін аудан бойынша 480 бас бөдене, 145 бас сүтті бағыттағы ешкі, 230 бас қоян сатып алынып өсірілуде.
Шалқар көліне Қарғалы ауданы «Ардағым» балық шаруашылығы кооперативінен 150,0 мың шабақтар және Шалқар көлінің үзіліп қалған су айдындарынан 130,0 мың шабақтар алынып жіберілді.
Ветеринариялық-эпизоотиялық профилактикалық іс-шаралар жоспар бойынша жүргізіліп толықтай аяқталды. Мал ауруларына қарсы екпелер уақтылы жасалып, қауіпті ауруларды анықтау мақсатында диагностикалық тексерулер жүргізілді.
Өңіраралық кооперация шеңберінде Астана, Алматы қалаларына, Жамбыл облысына және Ресей елінің Орынбор қаласына ауыл шаруашылығы жәрмеңкелеріне қатысып, өнімдерін сатып өткізді. Сондай-ақ Ақтөбе қаласына «Табыс» базарына жәрмеңкеге ауданның шаруа қожалықтары 4 рет қатысты.
Апта сайын Шалқар қаласында ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізілді.
Міндеттері:
- Мал басы санын және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді тұрақты түрде өсіру
- «Агробизнес» бағдарламасы аясында дәстүрлі емес шаруашылықтарды дамытуға несие алуды жалғастыру
- Суармалы жерлерді көбейтіп, егіс көлемін ұлғайту.
- Ауылшаруашылық кооперативтерінің жұмыстарын жандандыру
- Ауылдық округтерде мал бордақылау алаңдарын салу
- Шаруа қожалықтарының ұсыныстарына сәйкес ұңғыма құдықтарын қазу.
ЖЕРДІ ПАЙДАЛАНУ
Аудан аумағында жер қатынастарын реттеу, жер учаскелеріне құқық беру, жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді.
2017 жылы жабылған немесе жерлерін азайтқан 19 шаруа қожалығы 33,8 мың га жерді, «Көктас» АҚ 16,7 мың га жерді, 12 заңды тұлға 1,8 мың га жерді ауданның босалқы жер қорына қайтарды.
Босалқы жер қорына қайтарылған жер телімдерін айналымға қайта енгізу үшін 2 конкурс өткізілді. Конкурсқа жалпы көлемі 154,7 мың га болатын 65 жер учаскесі ұсынылып, нәтижесінде 60,5 мың га 26 жер учаскесіне жеңімпаздар анықталды.
Өткен жылы жеке тұрғын үй құрылысын салуға 346 жер учаскесі беріліп, жыл басына Шалқар қаласы бойынша жеке тұрғын үй салуға кезекте тұрғандар саны 1697 адамды құрады.
Кәсіпкерлік мақсаттарға 29 жер пайдаланушыға көлемі 12,8 мың шаршы метр болатын 37 жер учаскесі сатылды.
Жыл бойы ауыл шаруашылығы және коммерциялық мақсатта жер алып, пайдаланбай отырған немесе тиімсіз пайдаланған 6 шаруа қожалықтары, 8 жеке және заңды тұлғалар анықталып, шара алу үшін жер инспекциясына жолданды.
Міндеттері:
- Тиімсіз пайдаланып отырған жерлерді анықтау, қайтару және қайта айналымға енгізу
ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІК
Аудандағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2018 бірлікті құрайды, оның ішінде жұмыс жасайтыны 1880 бірлік. Жұмыс жасаушы шағын орта бизнес субьектілері өткен жылмен салыстырғанда 103,2 пайызды құрады.
Шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерімен 7,8 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, қызметтері көрсетілді.
Салада 3,7 мың адам жұмыс жасайды немесе экономикалық белсенді тұрғындардың 15,9 пайызын құрайды.
Жыл басынан бері барлық қаржыландыру көздерінен аудан кәсіпкерлері 1593,6 млн теңге несие алып, қызмет көлемдерін кеңейтіп, жаңа жұмыс орындарын ашуда.
Оның ішінде, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 7 жоба жүзеге асырылды. ( Субсидиялау арқылы - 4 жоба 1152,4 млн теңге, кепілдендіру арқылы-3 жоба, кепілдік сомасы 4,5 млн.теңге, несие сомасы – 10,7 млн.теңге).
Ауданда халық тұтынатын азық-түліктің бағалары облыс бойынша орташа деңгейде. Бағаны тұрақтандыру мақсатында бөлшек сауда кәсіпорындарымен меморандумдар жасалды. Жыл басынан бері 42 рет ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіліп, 74,8 млн.теңгенің өнімдері халыққа базар бағасынан төмен ұсынылды.
Қаладағы «Гаухартас», «Бек-Аслан». «Сұңқар», «Абзал» дүкендері жанындағы қоймаларда аудан халқына қажетті азық-түліктің жеткілікті қоры бар.
Ірі сауда дүкендері және көтерме сауда жасайтын кәсіпкерлер облыс орталығынан азық түлік, картоп, көкөніс өнімдерін және оңтүстік, Қостанай өңірлерінен көкөніс және картоп дақылдарын тұрақты түрде әкеліп, аудан халқын қамтамасыз етуде.
Сонымен қатар, ауылдық округтерде арзан дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мақсатында, кәсіпкерлерге жеңілдікпен орындар ұсынылып, әлеуметтік дәріханалар ашылды.
Қаладағы «Муза», «Достан», №9 дәріханаларда дәрілік заттарға жеңілдіктер қарастырылып, әлеуметтік қолдауды қажет ететін адамдардың тізімі ілінді.
Жыл басынан бері тұрмыстық шеберхана, 2 қоғамдық монша, көкөніс сақтайтын қойма, мейрамхана, кондитерлік өнім шығаратын цех, тб азық түлік дүкендері іске қосылды.
Бұған қосымша, аудан кәсіпкерлері 5 жоба бойынша қолданыстағы бағдарламалар аясында несие алуға ниет білдіріп отыр.
Бөлшек сауда айналымы 3,1 млрд.теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 106,0пайызды құрады.
Міндеттері:
-Кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар бойынша жұмыстарды жалғастыру, аудан тұрғындары арасында бағдарламалар шарттары мен механизмдерін кеңінен насихаттау.
- Ауданда өңдеу өнеркәсібін дамыту, оның ішінде мал шаруашылығы өнімдерін өңдейтін цехтар ашу.
- Әлеуметтік маңызы бар тауарларға бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында шаралар қабылдау.
- Қаладан кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған бизнес-инкубатор ашуға жұмыстар жүргізу.
ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Газбен жабдықтау
Жыл басына аудан тұрғындарының 84,5пайызын қамтыған қала және 11 елді мекен табиғи газды пайдаланып отыр. Өткен жылы Байқадам және Қаратоғай елді мекендерінде газдандыру жұмыстары аяқталып, іске қосылды. Табиғи газ пайдаланушы тұрғындардың үлесі 3,4 пайызға өсті. Сонымен қатар, Біршоғыр, Сарсай, Алабас елді мекендеріне ауылішілік газ құбырлары құрылыстарының жобалық сметалық құжаттары дайын.
Бұған қоса, 2016 жылы басталған қаланың даму аймағына жеткізуші жәнекварталішілік газ желілері құрылыстары аяқталды.
Сумен жабдықтау
Өткен жылы Аққайтым, Байқадам елді мекендеріне жаңадан сумен жабдықтау желілерінің құрылысы, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Біршоғыр елді мекенінің сумен жабдықтау желілеріне қайта жарақтау жұмыстары жүргізіліп, ауданда ауыз сумен қамтылғандардың үлесі 94,8пайызды құрады. Сонымен қатар, аталған бағдарлама аясында Бегімбет елді мекенінің кәріз желілерін қайта жарақтау жұмыстары жүргізілуде.
2016 жылдан ауыспалы негізде жүргізілген қаланың даму аймағындағы су желісі құрылысы аяқталды және Қотыртас, Тоғыз, Шілікті, Шағыр елді мекендерінің сумен қамту желілерін қайта жарақтауға, Шалқар қаласынан су ұңғымасы құрылысына жобалық сметалық құжаттары әзірленді. Халыққа су, жылу, беру, кәріз желісі қызметімен қамтамасыз етіп отырған «Ұлы Борсық» КМК тарапынанжоспарлы жұмыстары жүргізілді.
Биылғы жылы да 1030 км, Көпмола, Жылан, Кеңдала, Мөңке би, Қайдауыл, Ақтан батырелді мекендерініңсумен қамту желілерін қайта жарақтауға және Шалқар қаласының М.Шманұлы ауылындағы даму аймағына сумен жабдықтау желілерін салуға жобалық сметалық құжаттары әзірленетін болады.
Электрмен жабдықтау.
Ауданның елді мекендері электр энергиясымен толық қамтылған. Өткен жылы қаланың даму аймағына электр желілері тартылды, Бозой ауылына дейінгі жеткізуші электр желісінің құрылысы жүргізілді. Бұған қосымша Бозой ауылының ауылішілік электр желілерін қайта жарақтау жұмыстарына жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, бюджеттік өтінім ұсынылды.
Қала әкімдігі арқылы қаланың 27 көшесіне түнгі жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп, барлығы 150 көше түнгі жарықпен қамтылды. Сонымен бірге, қала көшелеріне түнде жарықтандырылатын қазақы оюмен нақышталған 115 дана көрнекіліктер ілінді.
Міндеттері:
- Барлық қаржыландыру көздерінен тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласына бөлінген бюджеттік қаражаттарды толық игеріп, жұмыстарды сапалы жүргізу
- Қажет елді мекендерге кезең-кезеңмен газ, су желілері құрылыстарын салуға, қайта жарақтауға жобалық сметалық құжаттарын әзірлеуге және дайын жобалар бойынша қаржы сұрауға ұсыныстар беру
ЖОЛДАР
Ауданаралық және ауданішілік жолдардың жағдайы қай уақытта да басты назарда. Аудандық маңыздағы Шалқар-Шетырғыз бағытындағы жолға аудандық бюджет есебінен жыл бойы күтіп ұстау жұмыстары жүргізілді. Аудандық маңыздағы Шалқар-Бегімбет (92,7 км), Бегімбет-Қаңбақты-Бозой (149,2 км), Бозой-Қоянқұлақ (12,0 км) жолдары өткен жылдың тамыз айынан бастап облыстық маңызы бар жолдардың қатарына енгізілді.
Соңғы жылдары қала көшелерін кезең-кезеңмен жөндеу жұмыстары жолға қойылып келеді. Өткен жылы облыстық және аудандық бюджет қаржысына қаланың 4 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, дайын жобалар бойынша тиісті басқармаларға бюджеттік өтінімдер жолданды. Бұған қосымша тағы 10 көшені орташа жөндеуге жалпы құны 494,6 млн.теңгені құрайтын жобалық сметалық құжаттары әзірленді. Биылғы жылы қаладағы оңтүстік өткелден Шалқар-Ырғыз трассасына дейінгі айналма жолды орташа жөндеу жұмысы басталатын болады. Міндеттері:
Кезең-кезеңмен қалаішілік жолдарды жөндеуден өткізу
- Елді мекендерді аудан орталығымен байланыстыратын жолдарды жөндеуге жоғары орындарға сұраныстар беру
ҚҰРЫЛЫС
Өткен жылдың 11 айының қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 21,4млрд.теңгеніқұрады, нақты көлем индексі 100,4 пайыз.
Барлық қаржыландыру көздері есебінен 22208 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2895 шаршы метрге артық. Оның ішінде, 21298 шаршы метр жеке тұрғын үй, 910 шаршы метр жалдамалы –коммуналдық тұрғын үйлер. Бюджет қаражатына қаладан және Қауылжыр елді мекенінен 7 үй салынып, 13 отбасы үйменқамтылу мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар, өткен жылы қосымша екіпәтерлік 6 үйдің құрылысына жобалық сметалық құжаттары әзірленді.
Үстіміздегі жылы газшылар қалашығындағы Сейітов көшесінен 2 қабатты 8 пәтерлік жалдамалы коммуналдық тұрғын үй құрылысы салынатын болады.
Міндеттері:
- Аудан көлемінде барлық қаржыландыру көздеріесебінен жүргізілетін құрылыс жұмыстарын анықтап, бақылауға алу және жалпы құрылыс жұмыстарының көлемін өткен жылғы деңгейден кемітпеуге жұмыстар жүргізу.
-Бюджеттен бөлінген қаржыға сәйкес қаладан және елді мекендерден жалдамалы-коммуналдық тұрғын үйлер құрылыстарын салуды жалғастыру және жаңа құрылыстарға арналған қосымша жобалық сметалық құжаттарын әзірлеу
- Жеке тұрғын үй салуға берілген жер учаскелерін бақылауда ұстап, уақытында салынуын қадағалау.
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ
Ауданда жұмыспен қамту жоспарына сәйкес 2229 адамды жұмыспен қамту жоспарланса, жыл бойы түрлі бағытта 3245 адам қамтылып, жоспар 145,6 пайызға орындалды. Атап айтқанда, тұрақты жұмысқа 924 адам орналастырылды. Ақылы қоғамдық жұмысқа 819 адам, әлеуметтік жұмысқа 287 адам, жастар практикасына 425 адам жіберілді.
Жаңадан 850 жұмыс орнын ашу жоспарланса, 1028 жаңа жұмыс орны ашылды. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында 86 адам 262,5 млн.теңге несие алып, 110 жұмыс орны ашылды.
Жыл бойы 3 рет бос орындар жәрмеңкесі өткізіліп, қатысқан 233 адамның 67-і жұмысқа жолдама алды.
Жоспарлы шараларды жүзеге асырудың нәтижесінде жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,8 % , тіркелген жұмыссыздық деңгейі 1,0% құрады.
Табысы төмен деп саналған 4 отбасына 0,8 млн. теңге атаулы әлеуметтік көмек, 368 отбасына 4,5 млн.теңге тұрғын үй көмегі, 498 отбасының 1485 баласына 31,3 млн.теңге балалар жәрдемақысы, «Өрлеу» жобасы бойынша 19 отбасына 2,1 млн.теңге әлеуметтік көмек төленді.
Мүгедектерді қолдаудың жеке бағдарламасына сәйкес 114 мүгедекке гигиеналық құралдар, 75 адамға санаторияларға жолдамалар, 74 мүгедекке Алматы протез зауытына жолдама беріліп, 27 мүгедекке сурдотехникалық құралдар алып берілді.
Шалқар қаласынан жеке кәсіпкер Алдашев.Е «Даму» қорынан 6,0 млн.теңге несие алып, жыл аяғында «Шалқар саясы» атты тұрмыстық бұйымдар жөндейтін шеберхана және мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау кабинеті құрылысын салып, іске қосып, 5 адам жұмыспен қамтылды.
Меморандум бойынша 93 мекемелер мен ұжымдарда өзара ынтымақтастық туралы келісімдер жасалды.
Міндеттері:
- «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында аудан тұрғындарын жұмыспен қамтуды жалғастыру
- Тұрғындарды жұмыспен қамту жоспарына сәйкес 850 адамды тұрақты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету
- Аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету және мүгедектерді сауықтыру, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуді жалғастыру
БІЛІМ БЕРУ
2017 жылы аудан бюджетінің 57,8 % -ы білім беру саласына жұмсалды. Өткен жылы Қаратоғай елді мекенінен 120 орындық орта мектеп құрылысы салынып, пайдалануға берілді.Аудандағы 26 балабақшада 1650 бала, 54 миниорталықта 917 бала тәрбиеленіп, мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 0-6 жас аралығы 81,0% , 3-6 жас аралығы 100 % құрады.
2017-2018 оқу жылында 23 орта, 7 негізгі, 6 бастауыш мектепте 8140 оқушы білім алуда.
Еліміздің жарқын болашағы саналы да білімді ұрпақтың қолында десек, осындай ұрпақ тәрбиелеу жолында білім саласын дамыту, білім ошақтарының материалдық жағдайын көтеруге бағытталған жүмыстар жүргізу әрдайым басты мақсат болып қала бермек. Аудан бюджетінің басым бөлігі бағытталып отырған білім саласында 1500-ге жуық педагог-қызметкерлер балаларға білім мен тәрбие беріп келеді. Әрбір бала дұрыс білім алуы үшін білім беру мекемелері қазіргі заман талабына сай болуы тиіс.
Осыған орай,типтік емес ғимаратта орналасқан Тоғыз елді мекеніндегі №7 орта мектебіне 120 орындық жаңа мектеп құрылысын салуға жобалық сметалық құжаты әзірленді, биылғы жылы Тоғыз елді мекеніндегі мектеп құрылысы басталатын болады. Сонымен бірге, қаладағы №5 орта мектебіне 320 орындық жаңа мектеп құрылысын салуға жобалық сметалық құжаттары әзірленуде.
Оқулықтар сатып алуға 65,4 млн.теңге бөлініп, 2,5,7 сыныптарға толық комплект және 1 –сыныптардың дәптерлері сатып алынды.
Аз қамтылған отбасылардың 1036 баласына «Мектепке жол» акциясы бойынша 7,4 млн.теңге , жалпыға міндетті оқу қорының негізінде 1504 балаға 2,3 млн.теңгекөлемінде көмек көрсетілсе, аудандық бюджеттен бөлінген қаржыға және «Тау-Кен» ЖШС нің демеушілігемн 288 оқушы «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне барып қайтты.
30 мектептен «Tylek.kz» сайты ашылып, жүзеге асырылуда.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған «Туған жер» бағдарламасы аясында Қазақстан тарихы, Қазақ әдебиеті, география пәндерінде жергілікті жерде орналасқан тарихи –мәдени орындардың тарихи маңызы туралы кіріктіре оқыту сабақтары, жергілікті музейге саяхат сабақтары ұйымдастырылды.
Міндеттері:
-Құрылысы басталған мектеп құрылысын мерзімінде аяқтап, бөлінген қаржыны толық игеруге жұмыстар ұйымдастыру.
- Білім беру мекемелерінің материалдық техникалық базаларынжақсартуды жалғастыру
- Мұғалімдердің біліктілігін, оқушылардың білім сапасын арттыру мақсатында тиісті шаралар қабылдау
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
Ауданда денсаулық сақтаудың салалық бағдарламасы бойынша жоспарлы жұмыстары жүргізілуде.
1 жасқа дейінгі балалар өлімі 16,7 пайызға, туберкулезбен науқастану 14,3 пайызға азайды.Ана өлімі фактісі орын алған жоқ.
Ауданда құрылған ақпараттық түсіндіру топтары және медицина қызметкерлері тарапынан жүргізілген түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде, екпе алмаған балалардың саны жыл басымен салыстырғанда 98-ден 77-ге азайды.
Скринингтік тексерулер жоспарлы турде жүргізілуде.
Жыл бойы жоғарғы медициналық көмек алуға квота арқылы 116 науқас жолданды. Телемедицина арқылы 85 кеңес алынды.
Өткен жылы аудандық ауруханаға 11,3млн.теңгенің медициналық құрылғылары сатып алынды.
Газшылар қалашығындағы күндізгі стационардың жанынан зертхана ашылып, жұмыс жасауда.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің №786 бұйрығына сәйкес, «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде» стационар және амбулатория жағдайындағы науқастарға 50,0 млн.теңгенің дәрі-дәрмегі берілді. Аудандық аурухана, Бозой, Айшуақ, Аққайтым, Ақтоғай, Тоғыз, Жылтыр дәрігерлік амбулаториялары, Мөңке би, Қотыртас, Байқадам фельдшерлік акушерлік пункттері жанынан әлеуметтік дәріханалар ашылып, дәрі-дәрмек бағасы басқа дәріханалардан төмен сатылуда.
Өткен жылы Қотыртас, Байқадам фельдшерлік акушерлік пунктерін күрделі жөндеуге жобалық сметалық құжаттары дайындалды.
Міндеттері:
- Демографиялық көрсеткіштерді жақсарту арқылы жоспарланған индикаторларға қол жеткізу
- Ана және бала өлімін болдырмау, туберкулез аурулығын азайту шараларын қабылдау
-Денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық техникалық базасын жақсартуды жалғастыру
- Қажет елді мекендерде медициналық нысандар құрылысын салуға жобалық саметалық құжаттарын әзірлеуге ұсыныстар беру
МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ
Ауданда 34 мәдениет ұйымдары жұмыс жасайды. 2017 жылы мәдениет саласын ұстауға және дамытуға 202,6 млн.теңге бағытталды. Есепті кезеңде тарихи және даталы күндерге арналған 2560 мәдени шаралар ұйымдастырылып, 51200 адам қамтылды.
Өткен жылы Айшуақ ауылдық округі Бегімбет ауылынан клуб құрылысын салуға жобалық сметалық құжаттары дайындалып, биылғы жылы құрылысына қажетті қаржы бөлініп отыр.
Шілікті, Жылтыр мәдениет үйлері мен Қауылжыр ауылдық клубына 3 дана музыкалық аппаратура комплектісі алып берілді.
«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыр» бағдарламалық мақаласының аясында Ақтөбе қаласында өткен «Туған жерім – нұрлы елім» атты Шалқар ауданының күндері жоғарғы дәрежеде ұйымдастырылды. Аудан көлемінде де ауылдық округтер күндері ұйымдастырылып, әр ауылдық округтің артықшылығы мен жетістіктері жұртшылық назарына ұсынылды.
Қазан айында Шалқар ауданының 85 жылдығы кеңінен аталып өтті. Аталған мерекеге орай облыстық және жергілікті ақпарат құралдарында аудан тарихы туралы материалдар жарияланып, естеліктер жазылды. Аудан еңбеккерлеріне арналған мерекелік шара ұйымдастырылып, облыстық ақындар айтысы өткізілді.
Бағдарлама аясындағы «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» арнаулы жобасына ауданның маңызды деп саналатын тарихи мұра нысандары, оның ішінде республикалық тізімге Есет-Дәрібай кесенесі, жергілікті маңыздағы ескерткіштер тізіміне: Аққолқа, Арыстан батыр Тінәліұлы, Балғасын кешеніндегі Оңалбек ата, Тоқпан кесенелері және Қазанғап Тілепбергенұлының бейіті ұсынылып, ескерткіштерге қатысты аңыз, әңгіме, деректер толықтырылып берілді. Аталған ескеркіштер республикалық сараптамалық кеңестен өтіп, нақтыланады.
Сонымен қатар, латын әліпбиіне көшуге байланысты түсіндіру бағытындағы "Рухани жаңғырудың жарқын жолы", «Рухани жаңғыру: латын әліпбиі» атты дөңгелек үстелдер, «Латын әліпбиіне көшу – әлемдік бәсекеге қабілеттілік», «Латын әліпбиіне көшу – қазіргі заман талабы» тақырыптық кештер ұйымдастырылды.
Бағдарламалық мақалада көзделген мақсатқа жету үшін 2017 жылы бекітілген «Ауылдық кітапханалардың жаңғыруы, мәдениет, ағарту және ойын-сауық орталығы» Ережесінің талаптарына сәйкес келетін Қауылжыр және Шілікті кітапханалары жоба ретінде ұсынылды.
2018 жылдың 1 қаңтарына аудандағы кітап қоры 220631 дана, оның ішінде жаңадан алынғаны 4612 дананы құрады.
Міндеттері:
-Мерекелік және саяси даталарға арналғаніс-шараларды ұйымдасқан түрде өткізу
-«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы жұмыстарды жалғастыру
- Мәдениет мекемелерінің материалдық техникалық базасын жақсарту
- Кітапхана жүйесі бойынша WEB-Рабис бағдарламасын енгізудің бірінші кезеңін жүзеге асыру
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ
Ауданда 143әр түрлі спорттық нысандарда тұрғындардың дене шынықтыру және спортпен айналысуына мүмкіндіктер жасалған. 2017 жылы 10875 адамды қамтыған396 спорттық-бұқаралық шаралар өткізілді.
Бұқаралық спортпен айналысушы тұрғындардың үлесі 29,0 пайызды құрады.
Қалада В.Цеханович атындағы балалар-жасөспірімдер спорттық ғимараты, дене шынықтыру сауықтыру кешені және «Отан» спорттық кешені жұмыс жасайды.
В.Цеханович атындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде спорттың 3 түрінен 626 бала, аула клубында спорттың 7 түрінен 2164 бала айналысады. Сонымен бірге, Мөңке би, Жылтыр, Қаратоғай, Бегімбет, Қауылжыр елді мекендерінде бокс секциялары, Бозой, Біршоғыр, Аққайтым елді мекендерінде грек-рим күресі секциялары жұмыс жасайды.
Өткен жылы ауданда №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі құрылып, ұлттық спорт түрлері бойынша балаларды баулуда. Онда спорттың 6 түрінен 380 бала тәрбиеленсе, Шілікті, Тоғыз елді мекендерінде қазақша күрес секциялары жұмыс жасайды.
Өткен жылы Шалқар қаласында грек-рим күресінен 2003-2005 жылы туылған кіші жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты, бокстан ҚР біріншілігінің батыс аймақтық турнирі өткізілді.
Жерлесіміз М.Айнағұлов Париж қаласында өткен грек-рим күресінің әлем чемпионатында күміс жүлдегері, Д.Жалғасов кадеттер арасында грек рим күресінен Азия чемпионатының жеңімпазы атанса, А.Қуандықов ересектер арасында бокстан республикалық біріншілікте қола жүлдегері атанып, ел құрамасының мүшелігіне алынды. Ә.Дәулетбаев мұғалімдер арасында өткен тоғызқұмалақтан республикалық біріншіліктің жеңімпазы атанды.
Міндеттері:
- Дене шынықтыру және спортпен айналысушылардың үлесін өсіруді жалғастыру.
- Елді мекендерден ашық спорт алаңдарын салуға жұмыстар жүргізу
- №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің базасында ашылған қазақша күресті елді мекендерде дамыту
- Ауданда үлкен футболды дамыту үшін Шалқар қаласындағы «Факел» стадионын заманауи үлгіде күрделі жөндеуден өткізу.
- Жастардың салауатты өмір салтын ұстануына және бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында Шалқар қаласынан «Воркаут» алаңдарын салуды қамтамасыз ету
ЖАСТАР САЯСАТЫ
Ауданда 14-29 жас аралығындағы жастардың саны 11867 адам, немесе жалпы тұрғындардың 25,9 пайызын құрайды. 2017 жылы жастар саясатын қолдауға 11,5 млн.теңге қаржы бөлінді. Ауданда жастар саясатын жүйелі жүргізу мақсатында жастар орталығына елді мекендерді аралау үшін қызметтік көлік алып берілді. Жыл қорытындысымен жастар орталығы облыс әкімінің «Үздік жастар орталығы» номинациясына ие болып, 100,0 мың теңгенің ақшалай сертификаты табысталды.
Ауданда 3 жастар ұйымы, атап айтқанда, «Серпін.Жастар-Шалқар», «Жасын», «Аңсар-Шалқар» қоғамдық бірлестіктері жұмыс жасайды. Есепті кезеңде жастар ресурстық орталығына түрлі мәселелермен жүгінген 528жасқа кеңестер беріліп, түсінік жұмыстары жүргізілді, әр түрлі көмектер көрсетілді.
«Жасыл ел» бағдарламасын жүзеге асыру барысында студент және жұмыссыз жастарды жазғы еңбек маусымына тарту жоспарына сәйкес 441 жас маусымдық жұмыспен қамтылды. Бұл мақсатқа 37,9 млн.теңге жұмсалды. Есепті кезеңде 425 жас жастар практикасына тартылып, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 3 жас маманға бюджеттік кредит, 5 жас маманға көтерме жәрдемақы берілді.
Жыл бойы ресурстық орталықтың ұйымдастыруымен 11156адам қамтылған 104 түрлі іс-шаралар өткізілді.
Өткен жылы аудан жастары су тасқынынан зардап шеккен ақтөбеліктерге көмектесу мақсатында қайырымдылық концерттер мен акциялар өткізу барысында «Қолғанат» қорына 500,0 мың теңге және киім-кешектер мен азық түліктер табыстады. Сол сияқты , осындай шаралар өткізу арқылы Ақтөбе қаласындағы «Үміт» сәбилер үйіне ақшалай көмек пен тәттілер алып берілді.
Міндеттер:
- Қолданыстағы бағдарламаларға, басқа да түрлі жобаларға қатыстыра отырып, жастардың жұмыспен қамтылуына ықпал ету
-Түрлі салаларда жастардың жаңа бастамаларын қолдана отырып, ауданның дамуына үлес қосу мүмкіндіктерін кеңейту
ҚОРШАҒАН ОРТА
Ауданда қоршаған ортаны қорғау, санитарлық тазалық мәселелерібасты мәселенің бірі болып саналады.
Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту есебінен қала және елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстары тұрақты жүргізілді.
Қала және ауылдық елді мекендерді санитарлық тазалау, абаттандыру және жасыл желектендіру мақсатында 2 айлық өткізіліп, гүлдер егілді, жасыл желектер отырғызылып, жылдық жоспар артығымен орындалды.
Жыл бойы 25 рет сенбіліктер өткізіліп, 10,3 мыңадам және38 техника жұмылдырылып,1225тонна қоқыс-қалдықтар шығарылды.
Жазғы демалыс кезінде егілген талдарды күтіп-баптауға «Жасыл ел» көгалдандыру жасақтарында студенттер жұмысқа тартылды.
Аудандағы орман қоры 32,3 мың га аумақты құраса, оның ішінде орманмен көмкерілгені 5,4 мың га. 2017 жылы Тоғыз ауылдық округі аумағына 160 га жерге қара сексеуіл отырғызылып, өткен жылғы отырғызылған қара сексеуілге толықтыру жасалды.
Құм көшкінін тоқтату мақсатында жасалған жоспарға сәйкес, үстіміздегі жылы Е.Көтібарұлы ауылдық округіне 6,0 млн.теңге, Шалқар ауылдық округіне 13,0 млн.теңге қаржы бөлінді. Бозой ауылдық округіне 25,0 млн.теңге қаржы бөлуге сұраныс жасалды.
Шалқар көлінің табанын тазарту мақсатында өткен жылы «Актюбводпроект» жобалау институтының мамандары келіп, көл табанына барлау жұмыстарын жүргізді. Қазіргі таңда институт мамандарымен жобалық құжаттардың жобасы әзірленуде.
Міндеттер:
- Қала және елді мекендерде санитарлық тазалық жұмыстарын жалғастыру
-Елді мекендердіжасыл желектендіру бойынша жұмыстар ұйымдастыру
- Қалалық саябақты абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жалғастыру
ҚОҒАМДЫҚ САЯСИ ЖАҒДАЙ
Ауданда қоғамдық саяси жағдай тұрақты. Аудан әкімі жанындағы ақпараттық–насихаттық топ мүшелері ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауларын, Елбасының 5 институционалды реформасын жүзеге асыруға бағытталған 100 нақты қадам идеяларын, «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын, Үкіметтің іс-шаралары мен тапсырмалары, олардың ауданда жүзеге асырылуы туралы аудан тұрғындары арасында кеңінен насихаттауда. Елбасы Жолдауын насихаттауда елді мекендер мен еңбек ұжымдарында 2574 рет кездесулер өткізіліп, 25772 адамды қамтыған баяндамалар оқылды. Бұқаралық ақпарат құралдарына жергілікті мемлекеттік органдардың басшыларының сұхбаттары жарияланып, Шалқар қаласының көшелерінде және елді мекендерде 183дана билбордтар орналастырылды.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы бойынша «Туған жерге тағзым» акциясы аясында жыл бойы 95,2 млн.теңгенің 40 жобасы іске асырылды. Атап айтқанда, жеке кәсіпкер Т.Аминовтың демеушілігімен Жылтыр елді мекенінен 25 орындық балабақша құрылысы, Б.Әуесхановтың демеушілігімен Тоғыз орта мектебіне спорт алаңы, мектеп түлектерінің демеушілігімен Мөңке би ауылына хоккей алаңы салынды, Қауылжыр ауылдық округінен бокс секциясына арнап ғимарат сатып алынды. Сонымен қатар, мектеп түлектерінің демеушілігімен мектептерге қажетті 32,9 млн.теңгенің құрал-жабдықтары сатып алып берілді.
Үстіміздегі жылы да аталған акция аясында ауылдық округтерде спорт алаңдары мен саябақтар салуға ұсыныстар түсіп отыр. Дегенмен де, жерлес кәсіпкерлердің ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосар үлестері әлі де болса жоғары деңгейден көрінбей тұр.
Сонымен қатар, мемлекеттік –жекеменшік әріптестік аясында Қауылжыр елді мекенінен 50 орындық балабақша және Аққайтым елді мекенінен 120 орындық клуб құрылысы салынады деп жоспарлануда
Ауданда 4 саяси партиялардың аудандық филиалдары жұмыс жасайды. Оның ішінде, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы тарапынан аудан тұрғындарының сұраныс- тілектерін ескере отырып, түрлі іс-шаралар жүргізілуде. Басқа партия филиалдарының сайлау науқанынан тыс уақыттарда белсенділігі төмен болып отыр.
Міндеттері:
- Қоғамдық саяси жағдайдың тұрақтылығын сақтауға бағытталған жұмыстар ұйымдастыру
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӘНЕ КАДР САЯСАТЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің Ұлт жоспарын жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадамның 13 қадамы жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуболып табылады. Осыған орай, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Ауданда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары»бекітіліп, ауданда бір қатар жұмыстар атқарылды.
Сонымен қатар «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі» аудандық комиссиясы тұрақты жұмыс жасауда. Комиссия отырысы тоқсанына бір рет өткізіліп тұрады, комиссия отырысында аудандық мемлекеттік мекеме басшыларының, қала және ауылдық округ әкімдерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарып жатқан жұмыстары туралы тыңдалып отыр.
Ауданда мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік сатып алулар тәртібі қолданыстағы заңнамаға сәйкес электронды түрде жүргізіледі.
Жер учаскелеріне, тұрғын үйге кезектілікке тұрған азаматтардың тізбесі және көрсетілетін тағыда басқа мемлекеттік қызметтер аудандық «Шалқар» газетіне жарияланып, аудан әкімдігінің сайтына орналастырылып, мемлекеттік мекеме ғимараттарында қол жетімді жерге орналастырылған.
Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру мақсатында «Шалқар» газетінде«Жемқорлық – қоғам кеселі» арнайы айдарымен мемлекеттік мекеме басшыларының, қала, ауылдық округ әкімдерінің 27 мақалалары жарияланды. «Шежірелі Өлке» газетіне 14 мақала жарияланды.
Аталған тақырыптағы8 билборд және баннерлер адамдардың көп жүретін орындарында ілінді.
Ауданның барлық мемлекеттік мекемелерінде азаматтардың өтініштері мен шағымдарына арналған жәшік орналастырылған және «Сенім» телефоны жұмыс жасайды.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 2016-2017 жылдары мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық фактілері анықталған жоқ.
Аудандағы әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің штат саны – 153 бірлік (нақты – 152)
Аудандағы әкімшілік мемлекеттік қызметшінің 81-іәйел немесе 53 %, барлық әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы – 38 жас, аудандағы жергілікті атқарушы органдардағы 30-ға дейінгі әкімшілік мемлекеттік қызметші жастарының саны - 39, немесе 25% құрайды.
2017 жылы таза ауысымдық 1,9 % құрады. Таза ауысымдылықты болдырмау жөнінде тиісті шаралар жүргізілді.
Өткен жылы өткізілген конкурстар бойынша 32 адам мемлекеттік әкімшілік қызметіне орналасты.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы №404 Жарлығына сәйкес 103 мемлекеттік әкімшілік қызметшілер аттестациядан өтіп, аттестациялық комиссияның қорытынды шешіміне сәйкес барлығы атқаратын мемлекеттік лауазымына сай келетін шешім алды.
Ақтөбе қаласына қайта даярлау курстарына 25 мемлекеттік қызметші, біліктігін арттыру курстарына 51 мемлекеттік қызметші, Астана қаласындағы ҚР Президентінің жанындағы Академияда 2 мемлекеттік қызметші курсқа қатысып , біліктіліктерін арттырды.
Міндеттері:
-Ауданда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған жұмыстарды жалғастыру
-Сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау.
ҚОҒАМДЫҚ ҚАУПСІЗДІК ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП
2017 жылдың 1 желтоқсанынатіркелген қылмыс саны 256 болып, өткен жылмен салыстырғанда 83,4 пайыз құрады. Жалпы қылмыстың ашылу пайызы 88,9 пайыз.
Ауданда жалпы ұрлық саны өткен жылмен салыстырғанда 8 бірлікке, оның ішінде мал ұрлығы 11 бірлікке, пәтер ұрлығы9 бірліккеазайғаны байқалды.
Құқық бұзушылықтың жолын кесу, алдын-алу мақсатында қоғамдық орындарда, көшелерде кешенді полиция күштері шоғырландырылып, жұмыстар жүргізілуде.
Қала әкімдігі арқылы қылмыстың алдын алу және дер кезінде анықтау мақсатында адам және көлік қозғалысы көп болатын орталық көшелерге 8 дана бейнебақылау камералары орнатылды және ішкі істер бөлімі арқылы 30 дана бейнебақылау камераларын орнатуға құжаттары дайындалуда.
Облыстан ауданның учаскелік полиция инспекторларына 15 дана «Нива» автокөлігі берілді.
Міндеттері:
Қылмыс деңгейін одан әрі төмендету шараларын алу
- Құқық қорғау мекемелерінің материалдық техникалық базасын нығайтуға жұмыстар жүргізу
ҚОРЫТЫНДЫ
Ауданда Елбасымыз міндеттері мен бағыттарын айқындап берген түрлі мемлекеттік бағдарламаларбойынша жұмыстар жалғастырылатын болады. Биылғы жылы да ауданымызға мектеп, клуб құрылыстарына, қала көшелерін жөндеуге, тұрғын үй салуға, жобалық сметалық құжаттар дайындауға қаржылар бөлінуде. Осы қаржыларды уақтылы игеріп, халық игілігіне пайдаланылатын нысандарды мерзімінде іске қосу үшін тиісті жұмыстар ұйымдастырылатын болады.Сонымен қатар, «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясындағы іс-шаралар жалғасын табады.Әрбір елдің перзентінің бойына патриоттық сезімдіоятып, туған жеріне қамқорлық жасау үшін жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Алдымызға қойған міндеттер мен мақсаттар қолда бар мүмкіндіктерді пайдаланып ауданның одан әрі дамуына, көркеюіне, тұрғындардың әл-аухатын одан әрі жақсартуға бағытталатын болады.