Үйіңізден шықпай- ақ, салықтарды«Электрондық үкімет» порталы арқылы төлеу

Ақпараттық технологиялардың дамыған заманында үйде отырып салықтар, төлемдер төлеуге болады деген сөзді естігенде ешкім де таң қалмайды, бұл тәсіл тұтынушыларға өте ыңғайлы. Мысалы: азаннан кешке дейін жұмыста отырып, дүйсенбіден - жұмаға дейін жұмыс күндері жұмыс жасайтын қызметкерлер, басқа ешқайда шыға алмайтыны анық. Соның ішінде банкке барып ұзын кезекте кім тұрғысы келеді?
Ал егер электрондық үкіметтің тұтынушысы болсаңыз ешқандай банкке бармай- ақ, осы портал арқылы өсімпұл, айыппұл, салық берешігін төлеуге, елді мекендердегі ортақ пайдалануындағы жерлерге жеке тұлғалардың жер салығын төлеуге, жеке тұлғаралдың жылжымайтын мүлік салығын төлеуге, жеке тұлғалардың көлік салықтарын төлеулеріне болады. Сонымен қатар, жүргізуші куәлігін алу және ауыстыру үшін мемлекеттік баж алымы, жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін айыппұл төлеу, «Қазақтелеком» АҚ байланысының қызметін төлеу және ұялы байланыс төлемдерін комиссиясыз төлеуге мүмкіндігіңіз бар. Бұл төлем түрлерін қолдануыңыз үшін «Электрондық үкімет» порталына тіркелсеңіз болғаны және төлем картаңыз болуы қажет.
Қосымша сұрақтарыңыз болса, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойыншы «Бірыңғай байланыс орталығына «1414» хабарласуыңызға болады. (қоңырау шалу барлық операторлардан тегін).