Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету жұмысы туралы ақпарат

2016 жылға Шалқар ауданы жергілікті атқарушы органдарының
мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
қызметі туралы
Есебі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің (бұдан әрі – Үкімет) 2013 жылғы 18 қыркүйектегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» №983 Қаулысына (бұдан әрі көне тізілім) сәйкес, 2014 жылы Шалқар ауданы бойынша мемлекеттік қызметтердің 71 түрі көрсетілді. 2015-2016 жылдары көне тізілімге Үкіметтің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 Қаулысына өзгерістер енгізу туралы» № 756 Қаулысымен (бұдан әрі жаңа тізілім) өзгерістер енгізіліп, аудан бойынша мемлекеттік қызметтердің 101 түрі көрсетілетін болды.
Соның ішінде:
Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі-21,
Білім бөлімі-27,
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі-20,
Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі-1,
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі-4,
Жер қатнастары бөлімі-6
Спорт бөлімі-1,
Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобилді жолдар бөлімі-5,
АХАТ қызметтері (мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде)-9
Кәсіпкерлік бөлімі- 4 қызмет
Ауылдық округ әкімі -1
Аудан бойынша 2016 жылы 77522 мемлекеттік қызмет көрсетілген, 2015 жылы 72178 мемлекеттік қызмет көрсетілген (107,4%-ке өскен). (көрсетілген қызметтің көбеюнің негізгі себебі жаңадан қосылған электрондық форматтағы қызметтер есебінен).
Тізілімге сәйкес, Шалқар ауданының жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік қызметтердің 55 түрі электрондық түрде көрсетілуі тиіс. Алайда, бүгінгі күні 15 түрі автоматтандырылмағандықтан электрондық түрде алу мүмкіндігі жоқ (ветеринария – 4, ауыл шаруашылығы – 3, білім – 2, денсаулық сақтау – 2, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар – 1, кәсіпкерлік – 1, дене шынықтыру және спорт – 1, жер қатынастары – 1) .
Аудан деңгейінде жергілікті атқарушы органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерінің 45 түрі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы, оның ішінде 34 түрі баламалы негізде және 11 түрі тек қана Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілу қарастырылған
Баламалы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесі:
Баламалы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алушылардың үлесі 2016 жылы 5270 құраған, (73,75%) , 2014 жылы 4516 құраған, (71,4%) айырмашылық 754 қызмет құрайды. Аудандық білім бөлімі,жер қатынастары бөлімі, АХАТ қызметтері, аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі салалары үлестің жоғарылауына себепші болып келеді.
(Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау,
Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу
Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу
Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекiту
Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту)
Төмендеуіне себепші аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, ауыл шаруашылығы саласының қызметтері, (Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою, Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру) болуда.
Тек қана ХҚКО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесі:
Тек қана ХҚКО арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны 2016 жылы 1696 құраған, (100%) 2015 жылы 2065 құраған, (99,8%).
Электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесі:
Электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны 2016 жылы (ЭҮП арқылы өткендер) 6907 (59.73%) құраған (2015 жылы 2726 (4.3%), мемлекеттік органдармен 4656 (40,27%) қызмет көрсетілген (барлығы 11563 қызмет) . Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (3182 қызмет), қызметтері үлестің төмендеуіне себепші болып келеді.
Төмендеуіне себепші аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметтері:
Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою
Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру,
Бұл қызметтердің электрондық түрде көрсетілмеуінің негізгі себебі аталған мемлекеттік қызметтің ақпараттық жүйесінің порталдың ішкі қолданушыларыныа техникалық жағдай толық орындалмауынан шығып отыр (АО «НИТ» мекемесімен ақпараттық жүйе жұмысы дұрыс қамтылмаған, 2016 жылдың шілде айынан ақаумен істеп келді )
2016 жылы қазан,қараша айларында Мемлекеттік корпорация арқылы мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны-2 дана (Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру) құрады. Жауапты қызметкерден тәртіптік шаралары алынды.
(2014-2015жж) мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерінің сақталмауы фактілері тіркелмеген.Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау және мониторинг нәтижелері бойынша құрылымдық бөлімшесімен 1 ұсыныс енгізілген.
Электрондық мемлекеттік қызметтердің әйгілігін арттыру үшін тұрғындарды ақпараттандыру медиа-жоспары құрылып БАҚ(негізгі бөлігі интернет ресурста, іс-шараларда) жарияланды. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасының мәселелері жөнінде семинар-кеңестер, «дөңгелек үстелдер» брифингтер, конференциялар 20 өткізіліп, ұйымдастырды.
Қорытынды
Жоғарыда аталған электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің проценттік төмендеуінің негізі ақпараттық жүйе өнімінің дұрыс істемеуі, e.gov.kz порталында ұсынылмауы (ауыл шаруашылығы және білім бөлімі қызметтері) және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және аудандық жұмыспен қамту орталығы қызметкерлерінің жұмыссыздық деңгейі көрсеткішін ұстап тұрудағы іс-әрекетінен орын алған.
Тұтынушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттанушылығын арттыру мақсатында, жергілікті атқарушы органдарға келесідей міндеттер қойылды:
- электрондық форматта көрсетілген мемлекеттік қызметтердің санын көбейту бойынша жұмыстарын жалғастыру;
- Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің үлесін көбейту бойынша жұмыстарын жалғастыру;
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету жұмысы туралы ақпарат
Шалқар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бойынша 2016 жылдың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету жұмысы туралы ақпарат
Есеп, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 25 маусымдағы №193 «Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебін қалыптастыру мен ұсыну қағидаларын және оның үлгі нысанын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген 2-қосымшаға сәйкес жасақталған.
Жергілікті атқарушы органдардың ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 Қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсетулердің реестріне сәйкес мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді.
Бөлім бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын жақсарту мақсатында 2016 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша төмендегідей іс-шаралар жүргізілді.
2016 жылы 20 мемлекеттік қызмет көрсетулер түрлері бойынша 9543 қызмет көрсетілді, соның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» арқылы 3548, «ЭҮП» арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтердің мемлекеттік органда (ведомстволық бағыныстағы мекемеде) көрсетілген саны 2372 мемлекеттік қызметтер көрсетілген.
Өткен жылы 18 мемлекеттік қызмет көрсетулер түрлері бойынша 6461 қызмет көрсетілді, соның ішінде «ЭҮП» арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтердің мемлекеттік органда (ведомстволық бағыныстағы мекемеде) көрсетілген саны 1602.
Яғни, «ЭҮП» арқылы көрсетілген қызметтер өткен жылмен салыстырғанда 770 қызметке көбейді.
Бөлім бойынша тек қана «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» арқылы 1 мемлекеттік қызмет «Тұрғын үй көмегі» көрсетіледі.
Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында мемлекеттік қызмет түрлерін сапалы қызмет көрсетету мақсатында ғимаратта ақпараттық стендтермен жабдықталды, сол сияқты мүмкіндігі шектеулі адамдарға қызмет көрсету жағдайы қарастырылған.
Есепті кезеңде мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерінің сақталмағаны бойынша деректер және мемлекеттік органмен, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» арқылы, электрондық түрде көрсетілген қызметтерге келіп түскен шағымдар тіркелмеген.
2016 жылдың 5 қаңтар айында «Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын жақсарту бойынша іс-шаралар жоспары» және «Электрондық мемлекеттік қызметтердің әйгілігін арттыру үшін тұрғындарды ақпараттандыру медиа-жоспары» қабылданды.
Есепті кезеңде келесі іс-шаралар өткізілді:
2016 жылы бөлімнің ұйымдастыруымен, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» қызметкерлерінің қатысуымен қызмет сапасын арттыру жөнінде 8 жиналыс-семинарлар, кеңес отырыстар өткізіліді. Есепті кезеңде келесі іс-шаралар өткізілді:
1. 15.01.2016 жылы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» Шалқар аудандық бөлімінде «18жасқа дейіңгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша дөңгелек стол. (Хаттама № 2)
2. 12.02.2016 жылы «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша дөңгелек стол. (Хаттама № 10)
3. 04.03.2016 жылы «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша дөңгелек стол. (Хаттама № 17)
4. 14.04.2016 жылы «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша дөңгелек стол. (Хаттама №4)
5. 26.05.2016 жылы «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша дөңгелек стол. (Хаттама № 37)
6. 13.10.2016 жылы «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша дөңгелек стол. (Хаттама № 58)
7. 10.11.2016 жылы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» Шалқар аудандық бөлімінде «18жасқа дейіңгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» және «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша дөңгелек стол. (Хаттама № 67)
8. 22.12.2016 жылы «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша дөңгелек стол. (Хаттама № 1)
Мемлекеттік қызметтердің электрондық түрдегі форматын қолданудың жиілігін және әйгілігін арттыру, мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі ережелерін түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізу мақсатында жыл бойына жергілікті ақпарат құралдарында 8 мақала-материалдар жарияланды.
1. 04.03.2016 жылғы № 8-9 (8428) «Шалқар» газетіне «Тұрғын үй көмегін порталда пайдаланыңыз » атты мақала;
2. 14.04.2016 жылғы № 13 (8432) «Шалқар» газетіне «Отын алудың жолы бар» атты мақала;
3. 31.05.2016 жылы shalkar.aktobe.gov.kz сайтына газетіне «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек көрсетіледі» атты мақала;
4. 21.07.2016 жылғы № 26 (8445) «Шалқар» газетіне «Аз қамтылған отбасыларына мемлекеттік балалар жәрдемақысы беріледі» атты мақала;
5. 15.09.2016 жылғы № 34 (8453) «Шалқар» газетіне «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою тәртібі» атты мақала;
6. 06.09.2016 жылы shalkar.aktobe.gov.kz сайтына газетіне ««Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою тәртібі» атты мақала;
7. 28.10.2016 жылғы № 46 (763) «Шежірелі өлке» газетіне «Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші құралдар тізбесі туралы» атты мақала;
8. 03.11.2016 жылғы № 41 (8460) «Шалқар» газетіне «Әлеуметтік қызмет көрсетіледі» атты мақалалар жарияланды.
Сонымен қатар ауылдық жерде тұратын тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында 4 ауылдық округтерде тұрғындармен кездесулер жүргізілді, атап айтқанда :
10.06.2016 жылы Тоғыз ауылдық округында, 21.07.2016 жылы Айшуақ ауылдық округында, Есет Көтібарұлы ауылдық округында, 06.12.2016 жылы Жаңа қоныс ауылдық округында «Өрлеу» шартты ақшалай көмек жобасы, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бойынша және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және 18 жасқа дейіңгі балалар жәрдемақысына жалпы түсінік берілді.
Шалқар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ММ
Шалқар ауданы әкімдігінің мемлекеттік қызметтер көрсетумәселелері жөніндегі қызметі туралы
2015 жыл бойынша есебі
Есеп, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 757 бұйрығымен бекітілген 1-қосымшаға ( Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалықмаңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар,ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі есебінің үлгі нысаны) сәйкес жасақталған
1. Жалпы ережелер
1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер «Шалқар ауданы әкімдігі» Ақтөбе облысы,Шалқар қаласы, Әйтеке би 47а 2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:ҚР Үкіметінің 2013ж.18.09. №983 қаулысымен бекітілген «мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне» (бұдан әрі – тізілім) сәйкес, ауданының жергілікті атқарушы органдары 96 мемлекеттік қызметтер бойынша 72 178 мемлекеттік қызмет көрсетілген. 2014 жылы 68140 мемлекеттік қызмет көрсетілген (105,59%-ке өскен). (көрсетілген қызметтің көбеюнің негізгі себебі жаңадан қосылған АХАТ қызметтері есебінен).
Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі-21,
Білім бөлімі-24,
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі-20,
Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі-1,
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі-4,
Жер қатнастары бөлімі-6
Спорт бөлімі-1,
Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобилді жолдар бөлімі-5,
АХАТ қызметтері (мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде)-9
Кәсіпкерлік бөлімі- 4 қызмет
Ауылдық округ әкімі -1
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны;
Тізілімге сәйкес, баламалы негізде көрсетілетін 25 мемлекеттік қызметтер бойынша, көрсетілген 6 322 қызметтің 4 516-ы халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі - ХҚКО) арқылы көрсетіліп, 71,4 %-ды құрады.
Тек қана ХҚКО арқылы көрсетілетін 11 мемлекеттік қызметтер бойынша, көрсетілген 2 069 қызметтің 2 064-і ХҚКО арқылы көрсетіліп, 99,8%-ды құрады.
Тегін және (немесе) ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны:тегін қызметтер саны- 77, ақылы қызметтер саны-19 Қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны: Тізілімге сәйкес, электрондық форматта 40 мемлекеттік қызмет электрондық түрде көрсетілу қажет, алайда аудан бойынша тек 14 мемлекеттік қызмет электрондық түрде көрсетіліп келеді(ақпараттық жүйе өнімдерінің дұрыс істемеуі себеіне байланысты) 3) Барынша талап ететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
- «Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу» - 53565 қызмет,
- «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну»- 1985 қызмет,
- «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау»- 888 қызмет,
- Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою 1573 қызмет,
- Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру -1142 қызмет,
- Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою- 534 қызмет,
- Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу-938 қызмет,
- Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру-918 қызмет,
- Тұрғын үй көмегін тағайындау- 625 қызмет,
- Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау-1061 қызмет,
- Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау - 1358 қызмет, 2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс 1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер: Аудандағы мемлекеттік қызметті көрсетуші мекемелердегі ақпараттық стенділер, ХҚО филиалы, «электрондық үкімет» веб-порталы ,электрондық түрде «Е-Лицензиялау» МДҚ, http://shalkar.aktobe.gov.kz интернет ресурстары 2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.http://shalkar.aktobe.gov.kz интернет ресурсы арқылы 6 стандарттардың жобаларын жария талқылаулар 3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).
Электрондық мемлекеттік қызметтердің әйгілігін арттыру үшін тұрғындарды ақпараттандыру медиа-жоспары құрылып БАҚ(негізгі бөлігі интернет ресурста, іс-шараларда) жарияланды. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасының мәселелері жөнінде семинар-кеңестер, «дөңгелек үстелдер» брифингтер, конференциялар 10 өткізіліп, ұйымдастырды.Бөлімдерге методикалық нұсқаулық брошюралары таратылды.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет 1) ) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
2015 жылы Ақтөбе және Астана қалаларында барлығы 49 мемлекеттік қызметші біліктілігін арттырудан өткізілді.
4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау 1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).
Есепті кезеңде (2015жж) мемлекеттік қызметтер көрсетулер бойынша шағымдар тіркелмеген.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.
Есепті кезеңде (2015ж) мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерінің сақталмауы фактілері тіркелмеген. Дегенмен төмендегі жағдайлар анықталды:
Екі аудандық бөлім бойынша дұрыс емес есептік ақпараттарды ұсыну фактілері анықталды. «Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметтін көрсету барысында мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттерін бұзу фактілері анықталды.Мемлекеттік органдарға мемлекеттік қызметтерді көрсететін жергілікті атқарушы органдарда стандарттар мен регламенттердің ережелерінің сақталуына қатысты ішкі бақылау жұмыстары жүйеленбеген.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.
1. 2016 жылға арналған көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын жақсарту бойынша іс-шаралар жоспары қабылданды.
2. Электрондық мемлекеттік қызметтердің әйгілігін арттыру бойынша медиа-жоспары қабылданды.
3. Стандарттар мен регламенттердің ережелерінің сақталуына қатысты ішкі бақылау жұмыстарын жүйелендіру мақсатында 2016 жылғы 31 наурызда №117 өкімімен 2016 жылдың 9 айына арналған мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау іс-шаралар жоспары бекітілді.
4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.
Аудан әкімімен 2015 жылдың 16 қаңтарында бекітілген «2015 жылға арналған көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын жақсарту бойынша іс-шаралар жоспарына» сәйкес «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалымен 2015 жылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне тоқсан сайын әлеуметтік сауалнама жүргізіліп 2467 респонденттен пікір алынды. Төрт тоқсанда орта көрсеткіш боынша респонденттердің 41,08 % үлесі «жақсы» деген бағамен бағаласа, «өте жақсы» деген баға 58,91 % үлесін құрады.
5. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру.
2015 жылғы электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің проценттік төмендеуінің негізі ақпараттық жүйе өнімінің дұрыс істемеуі, e.gov.kz порталында ұсынылмауынан (ауыл шаруашылығы және білім бөлімі қызметтері) орын алған.
Сонымен бірге тек қана ХҚКО арқылы көрсетілуге тиіс мемлекеттік қызметтерді талапқа сәйкес өткізу үшін ауыл шаруашылық техникасының деректер қорының өзектілігін жүргізу үшін АШМ аумақтық бөлімдерінде орналасқан БАБЖ ақпараттық жүйесінің серверлері мен ЖАО-да орналасқан БАБЖ ақпараттық жүйесінің клиенттерін интеграциялау әлі аяқталмаған,ол үшін ЖАО-ны АШМ мәліметтерді беру желісіне IP VPN каналы арқылы косылуы қажет.
«Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу» және «Ветеринариялық анықтамалар беру» мемлекеттік қызметтерін көрсетудегі тұрғындардан өтініш түспеуі, қызметтің есебін жүргізудегі өзіндік және маусымдық ерекшелектерін (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1259 Қаулысы ) ескере отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінен алып тастау ұсынылды.
Шалқар ауданы бойынша 2014 жылдың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді
көрсету жұмысы туралы ақпарат
Есеп, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 25 маусымдағы №193 «Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебін қалыптастыру мен ұсыну қағидаларын және оның үлгі нысанын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген 2-қосымшаға сәйкес жасақталған.
Жергілікті атқарушы органдардың ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 Қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсетулердің реестріне сәйкес мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді. Қызмет көрсету аудандық дербес бөлімдер , Шалқар қаласы әкімі аппараты мен ауылдық округтер әкімдіктері деңгейінде жүзеге асырылады. Шалқар ауданы аумағында ХҚКО-ның 2 бөлімі (Шалқар қаласы, Бозой селосы) жұмыс істейді. Сол сияқты кент, округ бойынша мобильдік «ХҚКО»-ның шығу кестесі белгіленді.
Шалқар ауданы бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын жақсарту мақсатында 2014 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша төмендегідей іс-шаралар жүргізілді.
2014 жылы 68 мемлекеттік қызмет көрсетулер түрлері бойынша 68140 қызмет көрсетілді, соның ішінде ХҚКО арқылы 4287 мемлекеттік қызметтер көрсетілген.
«ЭҮП» арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтердің мемлекеттік органда (ведомстволық бағыныстағы мекемеде) көрсетілген саны- 3912
Аудандық ХҚКО арқылы 24 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. ХҚКО өз тарапынан аудандық бұқаралық ақпараттық құралдары арқылы аудан тұрғындарына әр көрсетілетін қызмет жөнінде материалдар жариялап тұрады. Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында мемлекеттік қызмет түрлерін көрсететін мемлекеттік органдардың ғимараттары ақпараттық стендтермен жабдықталған, сол сияқты мүмкіндігі шектеулі адамдарға қызмет көрсету жағдайы қарастырылған.
Есепті кезеңде мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерінің сақталмағаны бойынша деректер және мемлекеттік органмен,ХҚКО арқылы, электрондық түрде көрсетілген қызметтерге келіп түскен шағымдар тіркелмеген.
Шалқар аудан әкімдігінің алқа мәжілісінде ағымдағы жылдың 27 қарашасында қаралып «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі бақылаудың қорытындылары туралы» № 250 қаулы және 8 желтоқсан 2014 жыл №72 бекітілген мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша жұмыстарды жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары қабылданды.
Есепті кезеңде келесі іс-шаралар өткізілді:
2014 жылы аудандық әкімдіктің ұйымдастыруымен бөлімдердің, қала және селолық округ әкімі аппараттарының басшылары мен қызметкерлерінің қатысуымен қызмет сапасын арттыру жөнінде 9 жиналыс-семинарлар, кеңес отырыстар өткізіліді. Есепті кезеңде келесі іс-шаралар өткізілді:
1. 23.01.2014 жылы «Халыққа қызмет көрсету »РМК филиалының Шалқар бөлімімен «18жасқа дейіңгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» қызметі бойынша дөңгелек стол. (Хаттама № 3)
2. 21.01.2014 жылы «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» қызметі бойынша дөңгелек стол. (Хаттама № 3)
3. 06.02.2014 жылы «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» қызметі бойынша дөңгелек стол. (Хаттама № 6)
4. 04.03.2014 жылы «18жасқа дейіңгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» қызметі бойынша дөңгелек стол. (Хаттама № 14)
5. 03.04.2014 жылы «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» қызметі бойынша дөңгелек стол. (Хаттама № 11)
6. 03.04.2014 жылы «18жасқа дейіңгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» қызметі бойынша дөңгелек стол. (Хаттама № 20)
7. 05.06.2014 жылы «18жасқа дейіңгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» қызметі бойынша дөңгелек стол. (Хаттама № 30)
8. 04.09.2014 жылы «Үйде оқитыг мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау» (Хаттама № 54)
9. Білім беру ұйымдары арасындағы мемлекеттік қызмет көрсетуші мекемелердің алынған ескертулер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға арналған мемлекеттік мекеменің бөлек іс-шаралар жоспарын қайта пысықтау, ақпараттық стендтерді қалыпқа келтіру,мемлекеттік қызметтердің стандарттар мен регламенттері ережелерінің сақталуына қатысты ішкі жұмыстардың ұйымдастыру мәселелерін ашуға 27 қарашада семинар өткізілді (хаттама қосымша тіркелді).
Мемлекеттік қызметтердің электрондық түрдегі форматын қолданудың жиілігін және әйгілігін арттыру, мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі ережелерін түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізу мақсатында жыл бойына жергілікті ақпарат құралдарында 10 мақала-материалдар жарияланды.
1. 30.04.2014 жылғы № 17 (8332) «Шалқар» газетіне «Әлеуметтік сала бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер» атты мақалалар жарияланды.
2. 12.02.2014 жылы «Мүмкіншілігі шектеулі азаматтар назардан тыс қалмайды»,
3. 19.02.2014 жылы «Мүмкіншілігі шектеулі жұмыссыз азаматтарға бос жұмыс орындарына ұйымдастырылған жәрмеңке»
4. 30.04.2014 жылы «Мүмкіншілігі шектеулі азаматтарға көмек»
5. 16.06.2014 жылы «Ақпарат» атты тақырыппен сайтқа мәліметтер берілді.
6. Атын,әкесінің атын,тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу(15.09.2014)
Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет мәселелерін үйлестіру бөлімі
Шалқар ауданы бойынша 2013 жылдың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету жұмысы туралы ақпарат
Есеп, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 25 маусымдағы №193 «Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебін қалыптастыру мен ұсыну қағидаларын және оның үлгі нысанын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген 2-қосымшаға сәйкес жасақталған.
Жергілікті атқарушы органдардың ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 Қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсетулердің реестріне сәйкес мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді. Қызмет көрсету аудандық дербес бөлімдер , Шалқар қаласы әкімі аппараты мен ауылдық округтер әкімдіктері деңгейінде жүзеге асырылады.
Шалқар ауданы бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын жақсарту мақсатында 2013 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша төмендегідей іс-шаралар жүргізілді.
2013 жылы 67 мемлекеттік қызмет көрсетулер түрлері бойынша 42585 қызмет көрсетілді, соның ішінде ХҚКО арқылы 4522 мемлекеттік қызмет көрсетілген. 67 мемлекеттік көрсетілетін қызметтің 65 ақысыз көрсетіледі.
Аудан бойынша 2013 жылы мемлекеттік қызмет көрсетудің барынша жоғары көлемі «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» арқылы- 7282, оның ішінде ХҚКО арқылы 2976 мемлекеттік қызмет көрсетілген.
Аудандық ХҚКО арқылы 21 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. ХҚКО өз тарапынан аудандық бұқаралық ақпараттық құралдары арқылы аудан тұрғындарына әр көрсетілетін қызмет жөнінде материалдар жариялап тұрады. Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында мемлекеттік қызмет түрлерін көрсететін мемлекеттік органдардың ғимараттары ақпараттық стендтермен жабдықталған, сол сияқты мүмкіндігі шектеулі адамдарға қызмет көрсету жағдайы қарастырылған. 2013 жылы «Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін сақтау» және «Мемлекеттік қызмет көрсетуге арыздану» өлшемдері бойынша көрсеткіштерді жақсарту жөнінде іс-шаралар жүргізілді.
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 2013 жылы арыз-шығым түспеген.
Шалқар ауданы аумағында ХҚКО-ның 1 бөлімі жұмыс істейді. Сол сияқты кент, округ бойынша мобильдік «ХҚКО»-ның шығу кестесі белгіленді. Аудан аумағында мобильдік «ХҚКО» жұмысын ұйымдастыру үшін 1 автомашина жұмыс істейді.
Есепті кезеңде келесі іс-шаралар өткізілді:
2013 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізудің кестесіне сәйкес жұмыс тобы ХҚКО-мен бірлесе отырып, Шалқар қаласы әкімі аппараты және ауылдық округтерде түсіндіру жұмысын жүргізді және консультативтік көмек көрсетті.
Сол сияқты Шалқар қаласы әкімі аппараты және ауылдық округ әкімдіктері мемлекеттік қызмет көрсетуді жақсарту және ведомствоға бағынышты бөлімшелердегі ішкі бақылау бойынша түсіндіру жұмысын жүргізді.
2013 жылы аудандық әкімдіктің ұйымдастыруымен бөлімдердің, қала және селолық округ әкімі аппараттарының басшылары мен қызметкерлерінің қатысуымен қызмет сапасын арттыру жөнінде 4 жиналыс-семинарлар, кеңес отырыстар өткізіліді.
2013 жылы электрондық форматта көрсетілген «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою қызметі бойынша 33 қызметтің мерзімі бұзып көрсетілген. «Электрондық үкімет» веб порталындағы қызметтерді сапасыз орындаған жауапты қызметкерлерге жұмыс орынында электрондық мемлекеттік қызметін көрсету кезіндегі ақпараттық жүйедегі адымдық әрекеттер мен шешімдер жүзеге асырылуының тәртібі мұқият түсіндірілді.
Мемлекеттік қызмет көрсетулер бойынша бірыңғай есепке алу мен статистикалық мәліметтерді жасақтауды сапасыз жүргізу деректерін анықтау мақсатында аудан әкімінің аппаратында мемлекеттік органдарды ай сайын мониторингтеу жүргізіледі.
ХҚКО арқылы көрсетілетін қызмет түрлері автоматтандырылған және электронды форматта көрсетіледі. «Электронды Үкімет», Е-әкімдік порталын танымал ету жандандырылды.
2013 жылы барлық әлеуметтік маңызды мемлекеттік қызметтер жүз пайызды электрондық форматқа ауыстырылды.
2012 жылмен салыстырғанда 2013 жылы электрондық форматта көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 67 есе өсті (2012 жылы – 204 (0,01%), 2013 жылы – 13 862 (13,8%)).
2013 жылдың 18 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Үкіметі Қаулысымен мемлекеттік қызметтердің 647 түрі бар мемлекеттік қызметтердің жаңа тізілімі бекітілді, оның ішінде жергілікті атқарушы органдармен 127 түрі көрсетіледі, бұрын көрсетілген қызметтерден 1,6 есе көбейді.
2013 жылы «бір терезе» қағидасы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны 27-ден 45-ке дейін өсті.
Ауданда ХҚКО арқылы «Электронды Үкіметті» дамытуды ақпараттық алып жүру бойынша жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі. Аудан тұрғындарының компьютерлік сауаттылығын арттыру мақсатында Шалқар ауданының аграрлық-техникалық колледжі жанынан жоспарға сәйкес 75 тыңдаушыны тамыз, қыркүйек айларында оқыту жүргізілді. 2014 жылға 90 тыңдаушыны оқытудан өткізу жоспарланды.
Мемлекеттік қызметтердің электрондық түрдегі форматын қолданудың жиілігін және әйгілігін арттыру, мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі ережелерін түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізу мақсатында жыл бойына жергілікті ақпарат құралдарында 6 мақала-материалдар жарияланды.(«Шалқар» газеті №9(8271) 27.02.2013ж, «Тұрғын үй көмегін алуға асығайық», «Шежірелі өлке» газеті №19(580) 03.05.2013ж «Аз қамтылған отбасыларға мемлекеттік балалар жәрдемақысы берілуде», («Шалқар» газеті №26(8288) 02.07.2013ж «Мемлекеттік қызметтер көрсетілуде») басылымдар және аудан әкімдігінің интернет ресурсында жаңалықтар тізбесіне Жұмыспен қамту жолдары 22.04.2013, "Дипломмен ауылға" 15.04.2013ж т.с.с).
Интернет ресурстың (http://shalkar.aktobe.gov.kz/) жаңалық беттерінде e.gov.kz порталы, ХҚО арқылы қызмет көрсетудің әртүрлі түрлерін алу мүмкіндігі туралы ақпараттар тұрақты түрде жарияланды.
2014 жылға арналған міндеттер:
- электрондық форматта көрсетілген мемлекеттік қызметтердің санын көбейту бойынша жұмыстарын жалғастыру;
- ХҚКО арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің үлесін көбейту бойынша жұмыстарын жалғастыру;
- мемлекеттік қызметтер регламенттерін әзірлеу және бекіту бойынша жұмыстарды жалғастыру.
Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет мәселелерін үйлестіру бөлімі