Connection Point секторының тиіміділігі

Қазіргі таңда, Ақтөбе облысы ХҚКО-ның 16 бөлімдерінде, облыста және аудандарда өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары бар.
Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышында ең көп тараған қызметтер: мекен-жай анықтамасын алу, азаматтардың зейнеткерлік қаржысының түсуі және қозғалысы туралы ақпараттардың сұранысы және жылжымайтын мүліктің бар-жоғы туралы анықтама. Халық арасында казіргі таңда ең көп сұранысқа ие болып келе жатқан қызмет, ол - некені онлайн түрінде тіркеуі.
Ақтөбе облысында былтырғы жылдың қыркүйек айынан бастап және осы күн аралығында Connection Point өзіне-өзі қызметі көрсету аймағында 128 032 адам кеңес алған. Егер 2014 жылды алатын болсақ, онда осы жеті ай ішінде 86 266 адамға кеңес берілсе, сонымен қатар 50 363 қызмет көрсетілді.