Шалқар ауданында шағын және орта кәсіпкерліктің даму көрсеткіштері

Аудан бойынша жүзеге асырылып жатқан кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың, оның ішінде «Бизнес жол картасы 2020» және «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021 жылдарға» арналған бағдарламалардың механизмдері мен шарттарын түсіндіру-насихаттау мақсатында қаңтар-наурыз айларында «Нұр Отан» партиясы Шалқар аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде, Біршоғыр, Қауылжыр, Мөңке би ауылдық округтерінде «Ауылшаруашылығы бөлімі» ММ-сі және «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы бірлесіп берілетін несиелерге байланысты, сонымен қатар, «Бизнес бастау» жобасы бойынша оқуға ниет білдіріп жүрген аудандағы жұмыс жасап жатқан кәсіпкерлер мен кәсібін жаңадан бастаушы азаматтарға кең көлемде осы мемлекеттік бағдарламалар аясында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жеке-жеке қабылдау шаралары өткізілді. «Бизнес жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында кепілдік беру арқылы «Ақшат-Ақтөбе» ЖШС-гі қаражат айналымын толықтыру мақсатына 120,0 млн.теңге несие алып жұмысын жүргізуде. Сонымен қатар, жеке кәсіпкер Шалқар қаласының тұрғыны Ж.Жандосова тауар айналымын толықтыру мақсатында «Кең дала» жобасы бойынша 5 000 000 (бес миллион) теңге және Жансерік А. «Жас старт» жобасы 6 000 000 (алты миллион) теңге несие алып «Айшат» атты екі этажды сауда үйін ашып жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі таңда , ЖК Т.Мендигарин айналым қаражатын толықтыру мақсатына «Кең дала» жобасы бойынша 11 900 600 (он бір миллион тоғыз жүз мың алты жүз) теңгеге құжаттарын тапсырып, мақұлданды.
Ағымдағы жылы ауданда «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021 жылдарға» арналған бағдарламасының екінші бағыты «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздерін оқыту жобасы бойынша 245 адам оқытылып соның 49 адамы несие алады деп жоспарлануда.
«Халықты қауіпсіздікпен қамтамасыз ету» жобасының «Кәсіпкерлік ортаны дамыту» 2-бағыты бойынша а.ж. 30 сәуір- 4 мамыр аралығында Айшуақ, Бозой, Біршоғыр, Жанақоныс және Шалқар қаласында іс-шаралар жоспары бойынша қаржы институттары және тиісті мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуымен түсіндірме және қабылдау жұмыстары жүргізілді.
Жалпы аудан бойынша 29 іс-шара өткізілді, оған барлығы 995 адам қатысты, 515 түсіндірме парақшалары таратылды. 85 адамға жеке қабылдау жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, Шалқар қаласында мастер класстар өткізілді:
1) «Қыз жасауы» тігін шеберханасында Ақтөбе қаласынан «Свой путь» ательесінің шебері (тренер) Н.Р.Исмаилова «Тігін және дизайнерлік бизнес» тақырыбында семинар-тренер өткізді. Осы шараға 35 адам қатысты.
2)Ақтөбе облысы іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі, саясаткер әйелдер клубының Шалқар ауданындағы кураторы «Нұрдана» балабақшасының негізін қалаушы С.М.Даулеталина Шалқар ауданы әкімдігінің мәжіліс залында «Балалар мектепке дейінгі мекемелерінің аумақтарында ашу» тақырыбында семинар-тренер өткізді. Семинарға 20 адам қатысты.
3) Шалқар қаласының №5 лицейінде іскер әйелдер клубының мүшелері жоғары оқушы қыз балаларына психологиялық тренинг өткізді. Психологиялық тренингке 129 оқушы қатысты.