Жұмысқа орналастыру

Аудан бойынша 2016 жылы жұмыссыздыққа тіркелген жұмыссыздардың саны 65 адам. Жұмыссыздық деңгейі 0,2 пайызды құрап отыр.
Жыл басынан бері аудан бойынша 611 жұмыссыз азаматтар қоғамдық жұмысқа жіберіліп, 77930,0 мың теңге айлық тағайындалып, төленді.
Жергілікті бюджеттен 226 түлек жастар тәжірибесіне жіберіліп, 24859,5 мың теңге шәкіртақы тағайындалып, төленді.
260 адам әлеуметтік жұмыс орындарына тартылып, 18428,2 мың теңге айлық тағайындалып, төленді.
Жыл басынан бері тұрақты жұмысқа 685 адам орналасты. Жаңадан 832 жұмыс орны ашылды.
2016 жылдың 20 мамыр айында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен «Труд для всех» атты жәрмеңке өткізілді. Жәрмеңкеге барлығы 46 жұмыссыз азаматтар қатысып, 3 адам тұрақты жұмысқа орналасуға жолдама берілді. Тұрақты жұмысқа жіберілген 3 адам әйел азаматтары.
Екінші рет «Шалқар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің» ғимаратында 2016 жылдың 28 маусым айында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеде 61 адам қатысып, 44 адам тұрақты жұмысқа жолдама берілді. Оның ішінде жұмысқа орналасқан әйел азаматтар 6 адам.
Үшінші рет Шалқар аудандық № 8 орта мектебінің ғимаратында 2016 жылдың 25 тамыз айында «Жас мамандарға жәрмеңке» ұйымдастырылып, 92 адам қатысып, 25 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 14 адам әйел азаматтары.
Шалқар ауданында жұмыс істейтін қызметкерлерлерінің еңбек құқықтары және кепілдіктерін қамтамасыз ету жөніндегі ынтымақтастық Меморандум бойынша 86 мекемелер мен ұжымдарда 2558 жұмысшымен өзара ынтымақтастық туралы келісімдер жасалды. Аудан бойынша 173 мекемелер мен ұжымдарда «Ұжымдық шарт» жасалынды.