Әлеуметтік көмек

«Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» конкурсына қатысыңыз
Конкурс «Nur Otan» партиясының 2030 жылға дейінгі «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» бағдарламасының» келесі мақсаттарын іске асыру шеңберінде өткізіледі:
әрбір қазақстандық отбасының бақуаттылығы;
салауатты адамдардың қуатты ұлты;
жауапты азаматтардың үйлесімді қоғамы.
Аумақтық кезеңнің жеңімпаздарын іріктеу тиісті комиссиямен ағымдағы жылғы 2019 жылдың 25 маусым айына дейін өткізіледі.
Конкурсқа Қазақстан Республикасының аумағында бастамашыл әлеуметтік жобаларды іске асырушы жеке тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер, бастауыш партия және басқа да коммерциялық емес ұйымдар қатыса алады. Конкурс 5 бағыт бойынша өткізіледі :
әлеуметтік проблемалардың шешімдерін ақпараттық жылжыту;
әлеуметтік саладағы еріктілер қозғалысын дамыту;
бірдей мүмкіндіктерді қамтамасыз ету;
мүгедектігі бар адамдарды қоса алғанда азаматтарды жұмыспен қамтуға
жәрдемдесу;
қиын өмірлік жағдайларды жеңуге көмек көрсету (адам саудасының, тұрмыстық зорлық құрбандары, үйсіздік және түрмеден босатылғандар және т.б.).
«Nur Otan» партиясының Төрағасы Бірінші орынбасарының қаулысымен бекітілген «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» конкурсын өткізу туралы ережесінің №1 қосымшасына сәйкес «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» конкурсына қатысуға арналған өтінімді екі тілде (қазақ және орыс) ұсынады.
Әлеуметтік жобаның авторы
(ұйымның атауы және/немесе автордың аты-жөні)
Жоба авторына қысқаша аннотация
Әлеуметтік жобаның атауы
Жобаның логотипі
Өтінім ұсынылған бағыт атауы*:
1 ) «Әлеуметтік проблемалардың шешілуін ақпараттық ілгерілету»
2 ) «Әлеуметтік саладағы еріктілер қозғалысын дамыту»
3 ) «Бірдей мүмкіндіктерді қамтамасыз ету»
4 ) «Мүгедектігі бар адамдарды қоса алғанда азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу»
5 ) «Қиын өмірлік жағдайларды жеңуге көмек көрсету (адам саудасының, тұрмыстық зорлық құрбандары, үйсіздік және түрмеден босатылғандар және т.б.)»
Іске асыру мерзімі
Өзектілігі және әлеуметтік маңыздылығы
Қол жеткізілген нәтижелер
Ұқсас жобаларды іске асыру тәжірибесі (ағымдағы жобаны жалғастыру және кеңейту)
Қаржыландыру көзі
(қайырмалдықтар, гранттар, қайрымдылық, әлеуметтік тапсырыс, өз қаражаты)
Аумақтық қамту (жобаны масшабтау)
Қиын өмірлік жағдайға тап болғандарды қосқанда тұрғындарды қамту
Әлеуметтік жоба туралы DVD жеткізгіште видеоролик (3 минутқа дейін)
Өңір
Аудан
Байланыс ақпараты
(телефон, e-mail және басқа)
Өтінім берілген күні
Сонымен қатар осы ереженің №2 қосымшаның техникалық талаптарына сәйкес презентация ұзақтығы 3 минутқа дейіңгі бейнеролик әзірлеу қажет.
Параметрлер
Мәні
Video format
XDCAM HD 50
Videofile Container
MXF
Video Codec
MPEG-2
Display aspect ratio
16:9
Resolution, pixels
1920 x 1080
Chroma subsampling
4:2:2
Bitrate, kBit/s
50.0 Mbps
Frame rate
25 fps
Scan type
Interlaced
Scan order
Top Field First
Audio type
Wav
Audio Codec
Pcm
Audio treks
4
Sample Rate, kHz
48
Sample Type, bit
24 bit
Өткен конкурстың республикалық кезеңіне қатысқан жобалар, сондай-ақ іске асыру мерзімі бір жылдан аз жобалар конкурсқа қатыстырылмайды.
Конкурсқа қатысты сұрақтар бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен, мына мекен-жай бойынша Шалқар қаласы, І.Үргенішбаев көшесі, 13, тел.23-0-11, 21-5-77
Шалқар аудандық жұмыспен қамту және және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ММ басшысы А.Бурамбаева
2019 жылдың 1 қаңтар айына аз қамтылған 278 отбасылары 1360 отбасы мүшелері анықталып, 49600,0 мың теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді.
Жалпы аудан бойынша 4818 аз қамтылған азаматтарға 25221,3 мың теңгеге, түрлі қайырымдылық көмектер ұйымдастырылды.
Әлеуметтік төлемдерді біріздендіру мақсатында ҚР Үкіметінің 21.05.2013 жылғы № 504 қаулысына сәйкес 2017 жылдың 22 мамыр айында №108 «Шалқар ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешімі бекітіліп, жұмыс жасауда.
Осы шешім бойынша қазіргі таңда туберкулезбен ауыратын 52 азаматқа 10,0 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 5381,0 мың теңге;
Онкологиялық аурумен амбулаториялық ем алушы 36 азаматқа 10 АЕК мөлшерінде 4160,6 мың теңге ;
9 мамыр «Жеңіс күніне» орай 392 ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген азаматтарға және тыл ардагерлеріне 8450,0 мың теңге бір жолғы әлеуметтік көмек ;
қазан айының екіншісі жексенбісі «Мүгедектер күніне орай» - 1001 адамға 30030,0 мың теңге біржолғы әлеуметтік көмек ;
ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне, 1,2,3 топ мүгедектер, 16 жасқа дейіңгі мүгедектерге квота бойынша емделіп, барып қайту жол шығындары үшін 34 адамға 738,5 мың теңге;
Үйден оқитын 25 мүгедек балаларға 1 АЕК (2405 теңге) мөлшерінде 496,7 мың теңге әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді.
Өмірлік қиын жағдайға душар болуына байланысты 4 отбасына 17 отбасы мүшелеріне адамға 240,0 мың теңге бір жолғы жәрдемақы берілді.
Атаулы әлеуметтік көмек алушы 278 отбасыларына 4589,2 мың теңге қосымша әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді.
Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 24 қыркүйектегі № 102 шешіміне сәйкес «Ауылдық елді мекендерде тұратын жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін» 1050 маманға 5 айлық есептік көрсеткіш (10605 тенге) мөлшерінде 15226,0 мың теңге әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді.