Жағырапия

Географиялық жағдайы.
Шалқар ауданы –Ақтөбе облысының оңтүстік шығысында, Аралдың экологиялық апатты аймағында орналасқан шалғайдағы аудандардың бірі, жер көлемі 61,85 мың шаршы шақырым. Аудан Өзбекстан Республикасы, Қызылорда облысымен және Ақтөбе облысының Байғанин, Мұғалжар, Ырғыз аудандарымен шектеседі.
Аудан жерінің 1 шаршы шақырымына 0,8 адамнан келеді. Жергілікті әкімдіктердің аудан орталығынан ара қашықтығы 18-220 шақырым аралығында. Аудан орталығы Ақтөбе қаласынан 365 шақырым жерде орналасқан.
Аудан орталығы Шалқар қаласы арқылы Еуропа – Азия бағыты бойынша теміржол транспорты өтеді.
Табиғи- климаттық жағдайы.
Жер көлемінің 86,6 % 5355,2 мың га ауыл шаруашылығының жерлері. Көп жерлерін құм басқан. Ауа райы –жазы ыссы, қысы суық , климаты континенталдық шөлді және шөлейт аймаққа жатады.