Тарих

Ақтөбе облысының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы мұрағаттық деректер Шалқар аудан мәртебесін алғаш рет 1921 жылғы 21 қазанда алғандығын көрсетеді. 1922 жылғы 5-шілдеде құрамында 6 болысы бар аудан уезге айналды. Кейін уезд 3 аудан болып құрылып, өткен ғасырдың отызыншы жылдары олар ірілендірілді. Ақтөбе облысы Бүкілодақтық Атқару Комитетінің 1932 жылғы 20 ақпандағы қаулысымен Шалқар ауданы болып қайта құрылып, Ақтөбе облысының құрамына енді.
Қазіргі таңда аудан 45526 адам мекендейтін 1 қалалық, 12 ауылдық округтен тұрады