Экономика

Аймақтың соңғы 10 жылдағы даму қорытындысы (2002- 2012 жж)
Әлеуметтік сала
Жабылып қалған кәсіпорын, мекемелердің кейінгі жылдары қайта іске қосылуының, жаңадан өндіріс орындарының ашылуының, шағын кәсіпкерліктің жандануының нәтижесінде ауданда соңғы 10 жылда 3924 тұрақты жаңа жұмыс орны ашылып, жалпы жұмыссыздық деңгейі 23,0 пайыздан 5,4 пайызға, ресми тіркелген жұмыссыздық деңгейі 9,1 пайыздан 0,2 пайызға төмендеді.
Өнеркәсіп
Бұрын жұмысы тоқтап қалған қаладағы темір бетон зауыты 2006 жылы қайта ашылып, қосымша кірпіш, тротуарлық, қабырғалық жапсырма плиткалар өндіретін жаңа цехтар жұмыс істей бастады. .
2008 жылы қалада бөлке нан өнімдерінің түрлерін шығаратын «Нұрбақыт», «Нұрай» шағын цехтары ашылып, нәтижесінде нан өнімдері бағасының төмендеп, тұрақтануына қол жеткізілді. 2012 жылы 489,6 тонна нан өндіріліп, 2002 жылмен салыстырғанда нан өнімдері 9,1 есеге артық өндірілді.
Ауданда қазіргі таңда қиыршық тас өндіретін 7 зауыт жұмыс істейді, оның 5 –уі соңғы 8 жылда ашылды. Нәтижесінде 2012 жылы 1192,2 мың текше метр қиыршық тас өндіріліп, 2002 жылмен салыстырғанда қиыршық тас өнімдері 3,8 есеге артық өндірілді.
2010 жылы Біршоғыр елді мекенінен қуаттылығы сағатына 180 тонна қиыршық тас өндіретін «Мұғалжар-Нефтестрой» зауыты ашылды. Зауытта 60 адам жұмыс жасайды. Зауыт жұмысшыларының 80 пайызы – жергілікті тұрғындар.
Ауыл шаруашылығы
Соңғы 10 жылда ауыл шаруашылығы саласының тұрақты дамуы қалыптасты. Бүгінгі таңда ауданда 2 заңды тұлға, 475 шаруа қожалықтары, барлығы 477 ауыл шаруашылығы құрылымдары жұмыс жасайды. 2002 жылы ауданда 365 ауыл шаруашылық құрылымдары жұмыс жасаған, яғни, 130,4 пайызға өсті деген сөз.
Өндірілетін ет, сүт өнімдері тұрғындардың қажеттілігін толық қамтамасыз етеді. Ауданда мал шаруашылығының дамуының негізгі бағыттарына ерекше назар аударылуда. Оның ішінде мал басының сапасын арттыру үшін мал тұқымын асылдандыруға мән берілуде.
Соңғы 10 жылда ауданда «Асыл тұқымды шаруашылық» статусына екі шаруашылық ие болды, атап айтқанда асыл тұқымды жылқы шаруашылығы статусын алған «Әділханит» шаруа қожалығы және асыл тұқымды түйе шаруашылығы статусын алған «Азамат» шаруа қожалығы мал бастарын асылдандырумен қатар өнімін өткізіп,игілігін көруде.
Ірі мүйізді қараны қолдан ұрықтандыратын 6 пункт жұмыс жасап жылма жыл 450 -500 бас ұрықтандырылады.
Мал өнімдерін өндіру көлемі жыл сайын өсіп келеді. 2012 жылы 8306,6 тонна (тірілей салмақта) ет, 12332,5 тонна сүт, 1125,0 мың дана жұмыртқа өндірілді, немесе 2002 жылмен салыстырғанда тиісінше 2,0 есеге, 138,1 пайызға, 108,6 пайызға көбейді.
Аудан бойынша 2012 жылы мал басы ірі қарадан 29,1 мың бас, қой-ешкіден 87,0 мың бас, жылқыдан 13,9 мың бас, түйеден 9,4 мың бас құрады. 2002 жылмен салыстырғанда мал басы тиісінше 161,9 пайызға , 152,4 пайызға, 199,6 пайызға, 171,2 пайызға көбейді.
Аудан халқын мүмкіндігінше картоп,көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында Шалқар көлінің айналасы және селолық округтердегі мүмкіндігі бар жерлер тиімді пайдаланылып тұрғындар мен шаруа қожалықтары 2012 жылы 258 га жерге картоп, 150 га жерге көкөніс, 42 га жерге бақша егіліп, 2581 тн картоп, 2628 тн көкөніс, 761 тн бақша өнімдері жиналды.
Қазір де ауыл шаруашылығы құрылымдарын несие бөлу арқылы қолдау жолға қойылды. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры»АҚ, «Шалқар жайлауы» ауылдық несие серіктестігі «Шалқар несие», «Ақжанат», «Нұр» шағын несие ұйымдары арқылы 10 жылда 591,1 миллион теңге көлемінде несие бөлінді.
Ауданда 2006 жылдан бастап барлық селолық округте, яғни 12 селолық тұтыну кооперативі құрылып, жұмыс жасауда.
Соңғы 10 жылда шаруа қожалықтары лизингке «Казагрофинанс»АҚ және «Ақтөбеагосервис»ЖШС арқылы 18 трактор, 1 КамАЗ машина, 21 шөп тиегіш, шөп тайлағыш техникаларын, «Вираж» мекемесінен өз қаражаттары есебінен 3 трактор алды.
Шағын кәсіпкерлік
Шағын кәсіпкерлікті дамытуға және қолдауға байланысты Президент тапсырмалары мен Қазақстан Республикасы Заңдарына сәйкес тиісті іс – шараларды жүзеге асырудың нәтижесінде шағын кәсіпкерлікті ұдайы дамытуға қол жеткізілді.
2012 жылы шағын кәсіпкерлік субъектілер саны 1574 бірлікке, шағын кәсіпкерлікте жұмыс жасаушылар саны 9531 адамға жетті, 2002 жылмен салыстырғанда шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 107,4 пайызға, жұмыс жасаушылар саны 239,4 есе өсті. 2012 жылы шағын кәсіпкерлікте өндірілген өнім, көрсетілген қызмет көлемі 13895,6 млн.теңгені құрап, 2002 жылмен салыстырғанда өндірілген өнім, көрсетілген қызмет 13,0 есе көбейді. Шағын кәсіпкерлік бүгінгі таңда аудан экономикасының негізгі қозғаушы күшіне айналып отыр.
Несиелік көмектер толығымен шағын кәсіпкерлік субъектілерін қолдауға бағытталды. Нәтижесінде 10 жылда ауданда 2 наубайхана, 7 мейрамхана, 6 кафе, 6 Сауда үйі, 3 көтерме сауда дүкені, азық-түлік , тұтыну тауарлары дүкендері және автокөлік, аяқ киім, тұрмыстық қамту техникаларын жөндеу цехтары, теплица ашылды.