Мәдениет

Спорт саласында даталы күндерге арналған және жоспарлы спорттық іс-шаралар өткізілуде.
Ауданда 143 әр түрлі спорттық нысандарда тұрғындардың дене шынықтыру және спортпен айналысуына мүмкіндіктер жасалды. 2017 жылы 10875 адамды қамтыған 396 спорттық-бұқаралық шаралар өткізілді.
Бұқаралық спортпен айналысушы тұрғындардың үлесі 29,0 пайызды құрады.
Қалада В.Цеханович атындағы балалар-жасөспірімдер спорттық ғимараты, дене шынықтыру сауықтыру кешені және «Отан» спорттық кешені жұмыс жасайды.
В.Цеханович атындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде спорттың 3 түрінен 626 бала, аула клубында спорттың 7 түрінен 2164 бала айналысады. Сонымен бірге, Мөңке би, Жылтыр, Қаратоғай, Бегімбет, Қауылжыр елді мекендерінде бокс секциялары, Бозой, Біршоғыр, Аққайтым елді мекендерінде грек-рим күресі секциялары жұмыс жасайды.
Өткен жылы ауданда №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі құрылып, ұлттық спорт түрлері бойынша балаларды баулуда. Онда спорттың 6 түрінен 380 бала тәрбиеленсе, Шілікті, Тоғыз елді мекендерінде қазақша күрес секциялары жұмыс жасайды.
Өткен жылы Шалқар қаласында грек-рим күресінен 2003-2005 жылы туылған кіші жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты, бокстан ҚР біріншілігінің батыс аймақтық турнирі өткізілді.
Жерлесіміз М.Айнағұлов Париж қаласында өткен грек-рим күресінің әлем чемпионатында күміс жүлдегері, Д.Жалғасов кадеттер арасында грек рим күресінен Азия чемпионатының жеңімпазы атанса, А.Қуандықов ересектер арасында бокстан республикалық біріншілікте қола жүлдегері атанып, ел құрамасының мүшелігіне алынды. Ә.Дәулетбаев мұғалімдер арасында өткен тоғызқұмалақтан республикалық біріншіліктің жеңімпазы атанды.