Азаматтарды қабылдау тәртібі

Қазақстан Республикасының 12 қаңтар 2007 жылғы №221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылғы 16 қарашадағы №109 бұйрығы негізінде азаматтардың өтініштері субъектіге тікелей жазбаша жүгінген жеке тұлғаға (өкіліне) немесе заңды тұлғаның өкіліне тіркелген күні мен уақыты, өтінішті қабылдаған тұлғаның тегі мен аты-жөні көрсетілген белгіленген нысандағы талон берілу арқылы қабылданып, егер өтініш аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімдеріне кірмейтін бөлімдерге кеткен жағдайда үш жұмыс күні ішінде өтініштің кімге жолданғандығы жөнінде жазбаша хабардар етіп, он бес күнде және қосымша зерттеулер қажет болған жағдайда отыз күн ішінде өтінішке толық жауап берілуі тиіс.