Спорт

Білім беру және спорт
Білім беру саласында ауданда 2012-2013 оқу жылында 23 орта, 7 негізгі, 8 бастауыш мектепте 7937 оқушы білім алуда.
Өткен жылы Ұлттық бірыңғай тестке ауданның 23 орта мектебінен 467 түлек қатысып, аудан бойынша оқушылардың орташа көрсеткіші 69,2 баллды құрады. Тест қорытындысы бойынша 8 түлек «Алтын белгі» белгісіне, 2 түлек үздік аттестатқа ие болды.
Мектепалды даярлық топтарына 865 бала, шағын орталықтарға 1373 бала тартылды.
Сонымен қатар 414 оқушы контингентімен саз мектебі, 2298 оқушы контингентімен аула клубы, 428 оқушы контингентімен өнер лицейі, 615 оқушы контингентімен оқушылар сарайы жұмыс жасайды. Аудандағы 22 бала бақшада 1532 балаға мектепке дейінгі тәрбие берілуде.
«Көркейе бер, туған жер!» акциясы аясында Тау-Кен ЖШС-ның демеушілігімен Алабас елді мекеніндегі мектеп ғимаратына қосымша құрылыс салынып, 25 орындық бала бақшаға қайта жарақталып, іске қосылды және Шалқар қаласынан «АСТ ТрансэнергоРемСтрой» ЖШС демеушілігімен психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
Облыстық бюджеттен бөлінген 78,0 млн.теңге қаржыға Тұмалыкөл елді мекенінде 60 орындық жаңа мектептің құрылысы басталды.
Жергілікті бюджеттен бөлінген 7,2 млн.теңге қаржыға І.Үргенішбаев орта мектебінің төбесіне күрделі жөндеу жүргізілді.
Шалқар қаласындағы кәсіптік лицей биылғы оқу жылынан бастап аграрлық-техникалық колледж мәртебесіне ие болды. Аталған колледжге облыстық бюджеттен 61,0 млн.теңге қаржы бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Бұқаралық спортты дамыту және тұрғындар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған шаралар өз мәнінде өткізіліп келеді.
Биылғы оқу жылында жалпы білім беретін мектептерде 245 спорттық үйірме, №1 балалар жасөспірімдер спорт мектебінде 50 үйірме, №1 «Аула клубы» мектептен тыс мемлекеттік мекемесінде 66 үйірме жұмыс жасайды.
Есепті мерзімде спорттың 6 түрінен білім беру қызметкерлерінің аудандық спартакиадасы, медицина күніне арналған медицина қызметкерлерінің спартакиадасы, дәстүрлі Н.Қобыландин атындағы спартакиада, мектеп оқушылары арасында волейболдан ерлер және әйелдердің аудандық Х спартакиадасы, отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның ұйымдастыруымен «Толағай» отбасылық жарысы, сонымен қатар оқушылар арасында шаңғыдан, мини футболдан, грек-рим күресінен, баскетболдан, жеңіл атлетикадан т.б жарыстар өткізілді.
Үстіміздегы жылдың ақпан айында Бозой елді мекенінен жаңа спорт кешені ашылды. «АралТетисГаз» ЖШС-не қарасты Бозой газ өндіру басқармасының демеушілігімен ауылдағы бос тұрған ғимарат күрделі жөндеуден өткізіліп, аталған мекеменің және ауылдағы басқа да мекемелер мен азаматтардың көмегімен спорт кешеніне күрес кілемі, спорттық жабдықтар алынып, грек-рим және қазақша күрес секциялары ашылды.