«Қазақстан Республикасының азаматын мекен-жай бойынша тіркеу»

Адам өміріндегі ең құнды зат – Уақыт. Бар уақытыңызды бағалай біліңіздер. Сіздердің уақыттарыңызды біз де бағалаймыз және кезекте күту уақыттарыңызды қысқартуға барымызша тырысудамыз. Құжаттарға арналған мезеттік сурет, мезеттік анықтама, сонымен қатар, тіркелу кезінде мезеттік тіркеу. Естеріңізде болса, сіздер тіркеуді екі-үш күндеп күтіп жүрдіңіздер, ал қазір бұл қызметті сұраныс жібергеннен кейін ала аласыздар.
«Қазақстан Республикасының азаматын мекен-жай бойынша тіркеу» Мемлекеттік қызметі ХҚКО арқылы көші-қон полициясының аймақтық құрылымдық бөлімшелері жүзеге асырады.
Соңғы жылдары тіркеу процедурасы көптеген өзгерістерге ұшырады. Солардың бірі – ХҚКО шығу парағының жоқтығы. Дәл осы факт кезінде біраз қолайсыздықты тудыртқан. Ал қазіргі таңда, бұл тіркеу процедурасы автоматты түрде жасалынады.
Азаматты тіркеу үшін жеке өзі жолыққанда келесідей құжаттар қажет:
- тұрғын үй жеке меншік иесінің жеке куәлігі, өзінің қатысуы және тұрақты немесе уақытша тіркеу үшін жазбаша келісімі;
- бекітілген тәртіпте тұрғын –үй жеке меншігін иеленуді растайтын құжат: сатып алу-сату келісім-шарты, сыйға беру, жекешелендіру немесе өзге де құқықорнатушы құжат. Егер тұрғын-үй кепілдікте тұрса, онда кепілдік келісім-шартының түпнұсқасы қажет.
- жеке куәлік құжаты, ал егер 16-жасқа толмаған бала болса, онда туу туралы куәлігі қажет. Алайда, бұндай жағдайда тіркеу кезінде баланың ата-анасының бірі болуы қажет. Мемлекеттен тыс жерде тұрып, тұрақты түрде өз отанына қайтып келген Қазақстан Республикасының азаматы болса, онда олар бастапқы тұрған жерінен есептен шыққандығы туралы белгі қойылған төлқұжатты ұсыну қажет. Белгі болмаған жағдайда – Қазақстан Республикасының шетелдік мекемесі берілген есептен алынғандығы туралы анықтама.
- профилақтикалық есепке отыру туралы бостандық орнына шығу жөнінде анықтама (егер азамат қамаудан босатылған жағдайда).
- тұрақты немесе уақытша тіркеуге тұру үшін мемлекеттік баж салығын төлегендігі туралы түбіртек (мемлекеттік баж салығынан босатылған тұлғалар, растау құжаттарын ұсынады.). Мемлекеттік баж салығы бекітілген МРП мөлшерінен 10 пайызды құрайды. Қазіргі таңда бұл сома 186 теңгені құрайды.
ХҚКО өз бетімен келу мүмкіншілігі жоқ адамдарға, 1 және 2 топтағы мүгедектерге мекен-жайларына шығу арқылы жүзеге асырылады. Бұндай жағдайда барлық ақпаратты mvd.gov.kz. сайтынан және мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша 1414 нөмірлі бірыңғай байланыс орталығынан алуға болады.
Ақтөбе облысы бойынша «ХҚКО» РМК филиалы
Шалқар бөлімінің инспекторы Айнур Досыбекова