Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің(энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ
Қызметтің атауы
Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау
Қызметті көрсететін мемлекеттік орган
Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдауды және нәтижелерін беруді жүзеге асыратын мекеме
1) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары; 2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Мемлекеттік корпорация») арқылы жүзеге асырылады.
Қызметті алушылар
жеке және заңды тұлғалар
Қызметтің құны
тегін
Қызмет көрсету мерзімі
1) құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күні (Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайда, құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді); 2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты: көрсетілетін қызметті берушіге – 30 (отыз) минут; Мемлекеттік корпорацияға – 15 (он бес) минут; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің жол берілетін ең ұзақ уақыты: көрсетілетін қызметті берушіде – 30 (отыз) минут; Мемлекеттік корпорацияда – 15 (он бес) минут.
Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін нысаны
қағаз түрінде
Жұмыс кестесі
1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма (қоса алғанда) аралығында. Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, дүйсенбі – жұма (қоса алғанда) аралығында сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылды. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі; 2) Мемлекеттік корпорацияда – еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес, дүйсенбі – сенбі (қоса алғанда) аралығында түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін. Қабылдау көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша «электрондық» кезек тәртібімен, жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті электрондық портал арқылы брондауға болады (бұдан әрі – портал).
Қажетті құжаттар
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алынған гербицидтерге субсидиялар алуға арналған өтінім; 2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толық құны бойынша сатып алынған биоагенттерге (энтомофагтарға) және биопрепараттарға субсидиялар алуға арналған өтінім; 3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушілерден биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды арзандатылған құны бойынша сатып алған кезде тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінім; 4) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін). Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады. Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге жол берілмейді. Көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көлделмесе, мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады
Мемлекеттік қызметтің нәтижесі
оң шешім қабылданған жағдайда – қазынашылықтың аумақтық бөлімшелеріне ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің немесе биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушілердің шоттарына субсидияларды аудару үшін төлем құжаттарын ұсыну және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мақұлданған өтінімдер тізімін жасау. Теріс шешім қабылданған жағдайда – субсидиялар ұсынбаудың себептерін көрсете отырып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіні жазбаша хабардар ету.