Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
Көрсетілетін қызметті берушіге ХҚО-ға құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы өтініш берген кезде – күнтізбелік отыз күн;
Төлем жүргізуінің қаралуы
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі
Қажетті құжаттардың тізбесі
1) Өтініш (2 қосымшаға сәйкес)
2) Қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат
3) Егер некеде тұрған жағдайда ,жұбайының (зайыбының) нотариалды расталған келісімі;
4) Егер некеде тұрса жұбайының (зайыбының),денсаулығы туралы анықтама;
5) Жұмыс орнынан берілген мінездеме
6) Некеге тұру немесе бұзу туралы куәліктің көшірмесі
7) Егер некеде тұрмаған жағдайда некеде тұрмағандығы нотариалды расталған анықтама;
8) Баланың туу туралы куәлік көшірмесі;
9) Баланың жалғыз немесе ата-анасының жоқтығын растайтын құжаттар
10)баланың аға-інілері мен апа –қарындастары және олардың тұрғылықты жері туралы анықтама
11) баланың (балалардың) оқу орнынан анықтама
Қызмет көрсету нысаны
Электрондық (ішінара автоматтандырылған)және қағаз жүзінде
Қызметті алудың өзге жолдары
«электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы және ХҚКО арқылы
Жұмыс кестесі:
Демалыс және мереке күнін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында. Сағат: 09.00-ден 18.30-ға дейін жүргізіледі. Түскі үзіліс сағ:13-00-ден 14.30-ға дейін