Кәмелетке толмағандарға меншік құқығы негізінде тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді рәсімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды тапсырған сәттен бастап, бес жұмыс күні ;
Төлем жүргізуінің қаралуы
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі
Қажетті құжаттардың тізбесі
1) Өтініш (2 қосымшаға сәйкес);
2) Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;
3) Қызметті алушыдан кепілді тұрғын үй беру туралы нотариалды расталған өтініш не кепілді тұрғын үй беру туралы жақын туыстарының нотариалды расталған өтініш;
4) Балалар оқитын білім беру ұйымының әкімшілігімен расталған жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару бойынша мәміле жасауға жылжымайтын мүліктің меншік иесі болып табылатын баланың келісімі (10 жастан асқан):
5) Мәмілелерді ресімдеуге келмеген жұбайының (зайыбының) атынан нотариус растаған сенімхат, егер жұбайы (зайыбы) қайтыс болған жағдайда қайтыс болуы туралы куәлік;
6) Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
7) Некеге тұрған немесе бұзу туралы куәлік көшірмесі;
8) Некесіз туылғанын растайтын анықтама;
Қызмет көрсету нәтижесі:
Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша беретін анықтамасы
Қызмет көрсету нысаны
Электрондық (ішнараавтоматтандырылған) немесе Қағаз жүзінде
Қызметті алудың өзге жолдары
«электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы
Жұмыс кестесі:
Демалыс және мереке күнін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында. Сағат: 09.00-ден 20.00-ға дейін жүргізіледі.