Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін тамақтандыруды ұсыну

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
Көрсетілетін қызметті берушіге ХҚО-ға құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы өтініш берген кезде – күнтізбелік отыз күн;
Төлем жүргізуінің қаралуы
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі
Қажетті құжаттардың тізбесі
1) Өтініш (2 қосымшаға сәйкес)
2) Ата-аналардың жеке басын куәландыратын құжат
3) Баланың туу туралы куәлік көшірмесі;
4) некеге тұру немесе бұзу туралы куәліктің көшірмесі; 5) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар отбасылардан шыққан дығын растайтын анықтама;
6) алатын табысы туралы құжаттар немесе жан басына шаққанда орташа табысы күн көріс деңгейінен төмен, мемлекеттік атаулы көмек алмайтын отбасылардан шыққан және асырандыларға төленетін алимент түріндегі табыстары туралы анықтама;
7) отбасында тәрбиеленетін жетім балаларға немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қорғаншылық және қамқоршылық бекіту туралы уәкілетті органның шешімі;
8) Отбасының материалдық-тұрмыстық ахуалын зерделеу негізінде жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну туралы білім беру ұйымдарының алқалық органдарының шешімі;
Қызмет көрсету нысаны
Электрондық немесе қағаз жүзінде
Қызметті алудың өзге жолдары
«электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы және ХҚКО арқылы
Жұмыс кестесі:
Демалыс және мереке күнін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында. Сағат: 09.00-ден 18.30-ға дейін жүргізіледі. Түскі үзіліс сағ:13-00-ден 14.30-ға дейін