Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау қызметінің ПАСПОРТЫ

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ ХҚО арқылы өтініш берген кезде – он жұмыс күн ;
Төлем жүргізуінің қаралуы
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі
Қажетті құжаттардың тізбесі
1) Қамқоршының немесе қорғаншының жәрдемақы тағайындау үшін өтініші (2- қосымшаға сәйкес);
2) Қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;
3) Қамқоршы немесе қорғаншы тағайындау туралы жергілікті атқарушы органның шешімі;
4) Баланы (балалардың)туу туралы куәлік көшірмесі ;
5) Баланың ата-анасының жоқтығын растайтын құжаттар;
6) Қамқоршы және қорғаншының атына ашылған дербес шоттың ашылуы туралы шарттың көшірмесі;
7) Баланың (балалардың) табысы өзге де әлеуметтік төлемдерді алуды растайтын құжаттар;
Қызмет көрсету нәтижесі:
Мемлекеттік қызмет көрсететін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы ( балаларды)асырап бағуға жәрдемақы тағайындау туралы шешім.
Қызмет көрсету нысаны
Электрондық немесе қағаз жүзінде
Қызметті алудың өзге жолдары
«электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы
Жұмыс кестесі:
Демалыс және мереке күнін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында. Сағат: 09.00-ден 18.30-ға дейін жүргізіледі. Түскі үзіліс сағ:13-00-ден 14.30-ға дейін