Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды тапсырған сәттен бастап, – 30 минут ;
Төлем жүргізуінің қаралуы
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі
Қажетті құжаттардың тізбесі
1) Өтініш (екінші қосымшаға сәйкес) ;
2) Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
3) Қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы куәлігі;
4) Мектепке дейінгі ұйымға бірінші кезекте орын алу құқығын растайтын құжат қорытындысы;
Қызмет көрсету нәтижесі:
Мектепке дейінгі ұйымдарға жолдама беру
Қызмет көрсету нысаны
Электронды (толық автоматтандырылған) немесе қағаз жүзінде
Қызметті алудың өзге жолдары
«электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы
Жұмыс кестесі:
Демалыс және мереке күнін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында. Сағат: 09.00-ден 18.30-ға дейін жүргізіледі. Түскі үзіліс сағ:13-00-ден 14.00-ға дейін