Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
Көрсетілетін қызметті берушіге ХҚО-ға құжаттарды тапсырған сәттен бастап, – он жұмыс күні;
Төлем жүргізуінің қаралуы
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі
Қажетті құжаттардың тізбесі
1) Өтініш (2 қосымшаға сәйкес)
2) Баланы асырап алу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің көшірмесі;
3) Қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;
4)екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларының жеке түрлерін жүзеге асыруға Қ.Р Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымда бала асырап алушылардың бірінің атына жеке шоттың ашылғаны туралы шарттың көшірмесі;
Қызмет көрсету нысаны
қағаз жүзінде
Қызметті алудың өзге жолдары
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
Жұмыс кестесі:
Демалыс және мереке күнін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында. Сағат: 09.00-ден 18.30-ға дейін жүргізіледі. Түскі үзіліс сағ:13-00-ден 14.30-ға дейін