Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап: білім беру ұйымына қабылданғаны туралы хабарлама алу үшін – үш жұмыс күні ішінде;
Төлем жүргізуінің қаралуы
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі
Қажетті құжаттардың тізбесі
1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:өтініші (еркін нысанда); 2) үйде оқыту бойынша ұсынымдармен қоса дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамасы; 3)мүгедек балаларға ұсынылатын білім беру оқу бағдарламасы туралы психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысы
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі:
Құжаттарды қабылдау туралы қолхат (еркін нысанда)
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны:
Қағаз түрінде
Жұмыс кестесі:
Демалыс және мереке күнін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында. Сағат: 09.00-ден 17.30-ға дейін жүргізіледі. Түскі үзіліс сағ:13-00-ден 14.30-ға дейін