Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
Көрсетілетін қызметті берушіге ХҚО-ға құжаттарды тапсырған сәттен бастап, – күнтізбелік отыз күн ;
Төлем жүргізуінің қаралуы
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі
Қажетті құжаттардың тізбесі
1) Патронат тәрбиеші болуға тілек білдіргені туралы өтініші;
2) Қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;
3) Тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеріп –қарауды жүргізу туралы өтініші;
4) Егер баланың патронат тәрбиешісі болуға тілек білдірген адам некеде тұрған болса, жұбайының (зайыбының) келісімі;
5) Егер некеде тұрса, қызметті алушының және жұбайының (зайыбының) ауруының жоқтығын растайтын анықтама;
6) соттылығы бар жоқтығы туралы анықтама ;
7) білімі туралы мәлімет ;
Қызмет көрсету нысаны
қағаз жүзінде
Қызметті алудың өзге жолдары
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
Жұмыс кестесі:
Демалыс және мереке күнін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында. Сағат: 09.00-ден 18.30-ға дейін жүргізіледі. Түскі үзіліс сағ:13-00-ден 14.30-ға дейін