Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою мемлекеттік көрсетілетін қызметінің ПАСПОРТЫ

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды тапсырған сәттен бастап, он бес күнтізбелік күн;
Төлем жүргізуінің қаралуы
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі
Қажетті құжаттардың тізбесі
1) Өтініш;
2) Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат ;
3) Жақын туыстарының бала асырап алуға арналған жазбаша келісім;
4) Жиынтық табыс мөлшері туралы анықтама:
5) Отбасы жағдайы туралы анықтама;
6) Неке тұру немесе бұзу туралы куәлік көшірмелері
7) Балалары болса туу туралы куәлік көшірмелері;
8) Денсаулығы туралы анықтама
9) Соттылығы туралы анықтама
10) Тұрғын үйге меншік құқығын немесе тұрғын үйді пайдалану құқығын растайтын құжаттың көшірмесі;
11) Баланы тәрбиеге алуға үміткер адамның тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын зерделеу;
Қызмет көрсету нәтижесі:
Бала асырап алуға үміткер болудың мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды
Қызмет көрсету нысаны
Қағаз жүзінде
Қызметті алудың өзге жолдары
қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
Жұмыс кестесі:
Демалыс және мереке күнін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында. Сағат: 09.00-ден 18.30-ға дейін жүргізіледі. Түскі узіліс:13.00-14.30 ға дейін