Он сегiз жасқа дейiнгi балаларға мемлекеттiк жәрдемақы тағайындау

«Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау»
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің паспорты
Қызметтің атауы
«Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау»
Қызметті көрсететін Мемлекеттік орган
1.Аудандық және облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері;
2. Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі ;
3.ХҚКО ;
Қызметтің тұтынушылары
Жеке тұлғалар
Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін формасы
Қағаз түрінде.
Қызметтің көрсетілетін тәртібі
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығы
Қажетті құжаттар
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты) (жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін қажет), оралмандар үшін – оралман куәлігі;
3) баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) не туу туралы акті жазбасынан үзінді;
4) көрсетілетін қызметті алушының деректері баланың туу туралы куәлігіндегі деректермен сәйкес келмеген жағдайда, неке қию (некені бұзу) туралы куәлік;
5) құжаттардың түпнұсқалары негізінде толтырылған осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес отбасы құрамы туралы мәліметтер;
6) отбасы мүшелерінің табыстары туралы мәліметтер, оның ішінде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысанда өтініш берушінің отбасы мүшелерінің алған табыстары туралы мәліметтер және жеке 4-қосымшаға сәйкес нысанда қосалқы шаруашылығының бар-жоғы туралы мәліметтер;
7) отбасының тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;
балаға қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленген немесе бала асырап алған жағдайда – балаға қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленгенін немесе бала асырап алғанын растайтын құжат.
Қызмет көрсетілуінің нәтижесі
Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындаунемесе тағайындаудан бас тарту туралы хабарлама.