Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу

«Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу»
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Қызметтің атауы
Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу
Қызметті көрсететін Мемлекеттік орган
1.Аудандық және облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері;
2. www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы ;
3.ХҚКО ;
Қызметтің тұтынушылары
Жеке тұлғалар
Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін формасы
Электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
Қызметтің көрсетілетін тәртібі
ҚР Үкіметінің 11.03.2014 жылғы № 217 қаулысы
Қажетті құжаттар
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушының, заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;
3) тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не ауыл әкімінің анықтамасы);
4)психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы;
5) мүгедектігі туралы анықтама;
6) банктегі шоттың болуы туралы құжат;
7) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүгедек баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы.
Қызмет көрсетілуінің нәтижесі
Үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау туралы хабарлама.