Жұмыссыз азаматтарды тiркеу және есепке қою

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің паспорты
Қызметтің атауы
«Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу»
Қызметті көрсететін Мемлекеттік орган
1.Аудандық және облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері;
2. www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы ;
3.ХҚКО ;
Қызметтің тұтынушылары
Жеке тұлғалар
Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін формасы
Электрондық (ішінара автоматтандырылған ) және (немесе) қағаз түрінде.
Қызметтің көрсетілетін тәртібі
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығы
Қажетті құжаттар
1) Көрсетілетін қызметті берушіге: көрсетілетін қызметті
алушының жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе паспорты, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі), сондай-ақ оралмандар үшін – оралман куәлігі.
Қызмет көрсетілуінің нәтижесі
Қағаз немесе электрондық түрде жұмыссыз ретінде тіркеу және есепке қою туралы хабарлама.