Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi нысандарына қатысуға жолдамалар беру мемлекеттік көрсетілетін қызметінің ПАСПОРТЫ

Қызметтің атауы
«Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді
нысандарына қатысуға жолдамалар беру»
Қызметті көрсететін Мемлекеттік орган
1.Аудандық және облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері;
2. www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы ;
Қызметтің тұтынушылары
Жеке тұлғалар
Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін формасы
Электрондық (ішінара автоматтандырылған ) және (немесе) қағаз түрінде.
Қызметтің көрсетілетін тәртібі
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығы
Қажетті құжаттар
1) Көрсетілетін қызметті берушіге: көрсетілетін қызметті
алушының жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе паспорты, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі), сондай-ақ оралмандар үшін – оралман куәлігі.
Қызмет көрсетілуінің нәтижесі
Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді іс-шараларына қатысуға жолдама беру, ол мыналарды қамтиды:
1) жұмысқа орналасуға жолдама;
2) қоғамдық жұмыстарға жолдама;
3) адамдарға кәсіби даярлауға, қайта даярлауға және біліктілікті арттыруға жолдама;
4) әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға жолдама;
5) жастар практикасына жолдама;
6) адамдарға кәсіби бағдарлануға тегін қызметтер көрсету.