Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау

«Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау»
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Қызметтің атауы
Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау
Қызметті көрсететін Мемлекеттік орган
1. Ақтөбе қалалық және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдері;
2. кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі;
3. мүгедектер және әлеуметтік жағынан маңызды аурулары бар адамдар – www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Қызметтің тұтынушылары
Жеке тұлғалар
Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін формасы
электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
Қызметтің көрсетілетін тәртібі
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 11 наурыздағы № 217 қаулысымен бекітілген стандартына негізделеді.
Қажетті құжаттар
көрсетілетін қызметті берушіге немесе ауылдық округ әкіміне:
1) әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімді көрсете отырып, еркін нысанда жазылған өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат;
3) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;
4) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша отбасының құрамы туралы мәліметтер;
5) адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер;
6) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын акт және/немесе құжат.
порталда:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) электрондық өтініште көрсетілген мәліметтердің осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес толтырылған нысандары.
Қызмет көрсетілуінің нәтижесі
әлеуметтік көмек тағайындау туралы хабарлама.