Жүрiп-тұруы қиын бiрiншi топтағы мүгедектерге жеке көмекшiнiң және есту кемiстiгi бар мүгедектерге ымдау тiлi маманының қызметтерiн ұсыну үшiн мүгедектерге құжаттарды ресiмдеу

«Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу»
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Қызметтің атауы
Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу
Қызметті көрсететін Мемлекеттік орган
Ақтөбе қалалық және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi
Қызметтің тұтынушылары
Жеке тұлғалар
Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін формасы
қағаз түрінде.
Қызметтің көрсетілетін тәртібі
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 11 наурыздағы № 217 қаулысымен бекітілген стандартына негізделеді.
Қажетті құжаттар
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушының және/немесе заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;
3) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірме;
4) мүгедектігі туралы анықтама.
Қызмет көрсетілуінің нәтижесі
жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну мерзімі көрсетілген құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама.