Мүгедектерге кресло-арбалар беру

«Мүгедектерге кресло-арбалар беру »
Қызметтің атауы
Мүгедектерге кресло-арбалар беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу
Қызметті көрсететін Мемлекеттік орган
Ақтөбе қалалық және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi
Қызметтің тұтынушылары
Жеке тұлғалар
Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін формасы
қағаз түрінде.
Қызметтің көрсетілетін тәртібі
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 11 наурыздағы № 217 қаулысымен бекітілген стандартына негізделеді.
Қажетті құжаттар
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы;
3) жазатайым оқиға туралы акт және жұмыс беруші-дара кәсіпкер қызметін тоқтатқаны немесе заңды тұлға таратылғаны туралы құжат.
Қызмет көрсетілуінің нәтижесі
мүгедектерге кресло-арбалар ұсыну мерзімдері көрсетілген құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама.