Мүгедектердi санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету

«Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз
ету»
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Қызметтің атауы
Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз
ету у
Қызметті көрсететін Мемлекеттік орган
Ақтөбе қалалық және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi
Қызметтің тұтынушылары
Жеке тұлғалар
Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін формасы
қағаз түрінде.
Қызметтің көрсетілетін тәртібі
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 11 наурыздағы № 217 қаулысымен бекітілген стандартына негізделеді.
Қажетті құжаттар
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушының, заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;
3) денсаулық сақтау ұйымы берген санаторий-курорттық карта;
4) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не ауыл әкімдерінің анықтамасы);
5) мүгедектігі туралы анықтамадан үзінді көшірме және мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірмелер;
6) мүгедектің жазбаша келісімімен басқа адам өтініш білдірген кезде –оның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
Қызмет көрсетілуінің нәтижесі
қызмет көрсету мерзімі көрсетілген, санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама.