Үйде күтiм көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетуге құжаттар ресiмдеу

«Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы
әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу»
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Қызметтің атауы
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау
Қызметті көрсететін Мемлекеттік орган
бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары
Қызметтің тұтынушылары
Жеке тұлғалар
Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін формасы
қағаз түрінде
Қызметтің көрсетілетін тәртібі
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет «Мектепке дейінгі және орта білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 09 маусымдағы № 633 Қаулысымен бекітілген стандартына негізделеді.
Қажетті құжаттар
1) өтініш (еркін нысанда);2) үйде оқыту бойынша ұсынымдармен қоса дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамасы;3) ұсынылатын білім беру оқу бағдарламасы туралы психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысы.
Қызмет көрсетілуінің нәтижесі
құжаттарды қабылдау туралы қолхат (еркін нысанда).