Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру

«Жұмыссыз азаматтарға анықтамалар беру»
Қызметтің атауы
Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру
Қызметті көрсететін Мемлекеттік орган
Ақтөбе қалалық және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдері;
ХҚКО;
www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Қызметтің тұтынушылары
Жеке тұлғалар
Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін формасы
электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
Қызметтің көрсетілетін тәртібі
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 11 наурыздағы № 217 қаулысымен бекітілген стандартына негізделеді.
Қажетті құжаттар
көрсетілетін қызметті берушіге не ХҚО-ға:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе паспорты, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаты және азаматтығы жоқ адамның куәлігі), сондай-ақ оралмандар үшін – оралман куәлігі.
порталда:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.
Қызмет көрсетілуінің нәтижесі
жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтама.