Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету мемлекеттік көрсетілетін қызметінің ПАСПОРТЫ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ
Қызметтің атауы
Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету
Қызметті көрсететін мемлекеттік орган
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдардың ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы уәкiлеттi органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді
Өтініштерді қабылдауды және нәтижелерін беруді жүзеге асыратын мекеме
Шалқар аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызметтің құны
Тегін
Қызмет көрсету мерзімі
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап: көтерме жәрдемақы - күнтізбелік 39 (отыз тоғыз) күн; осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша Келісім қорытындысы - күнтізбелік 32 (отыз екі) күн; Келісім жасалғаннан кейін тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит - 30 (отыз) жұмыс күні; 2) құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің барынша жол берілген уақыты – 15 минут; 3) қызмет көрсетудің барынша жол берілген уақыты – 30 минут.
Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін нысаны
қағаз түрінде
Жұмыс кестесі
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызметке өтініштерді қабылдау және нәтижелерін беру – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз, кезек тәртібімен көрсетіледі.
Қажетті құжаттар
1) көтерме жәрдемақы алған кезде: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш; жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi; жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi; бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi; көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәлеметтер; тиісті елді мекенде тұратындығын растайтын тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы; 2) көтерме жәрдемақыны және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш; жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi; жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi; бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi; сатып алынатын жылжымайтын мүлікті бағалау актісі; көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәлеметтер; тиісті елді мекенде тұратындығын растайтын тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы; неке туралы куәлік көшірмесі (некеде тұрған мамандар үшін); аталған ауылдық елді мекенде маманның, оның жұбайының және балаларының жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы анықтама; 3) көтерме жәрдемақы және тұрғын үй салуға бюджеттік кредит алған кезде: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш; жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi; жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi; бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi; көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәлеметтер; тиісті елді мекенде тұратындығын растайтын тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы; неке туралы куәлік көшірмесі (некеде тұрған мамандар үшін); аталған ауылдық елді мекенде маманның, оның жұбайының және балаларының жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы анықтама; маманның атына тұрғын үй салу үшін берілген жер учаскесін пайдалану құқығына акт; кепілге қойылған мүлікті бағалау актісі; кепілге қойылған мүлікті сақтандыру шарты; берілетін кредит мөлшерінен асатын тұрғын үй құрылысы бөлігін бірлесіп қаржыландыруға жазбаша келісім. Құжаттар салыстыру үшін түпнұсқада және көшірме түрінде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқасы көрсетілетін қызметті алушыға өтініш берген күні қайтарылады. Көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қабылдауды растау тегі, аты, әкесінің аты, почталық мекен-жайы, телефоны, өтініш берген күні көрсетілген және өтінішті қабылдаған тұлғаның қолы қойылған қолхат ұсынылады
Мемлекеттік қызметтің нәтижесі
көтерме жәрдемақы және бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары болып табылады