Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы, сондай-ақ елдi мекендердегi автомобиль жолдарының жолақ бөлiгiнде сыртқы (көрнекi) жарнама орналастыруға рұқсат беру

Қызметтің атауы
Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерлерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру
Қызметті көрсететін Мемлекеттік орган
«Шалқар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ
Қызметтің тұтынушылары
жеке тұлғалар
Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін формасы
қағаз түрінде
Қызметтің көрсетілетін орыны
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) Министрліктің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны
Көрсетілетін қызметтің құны мен ақы төлеу тәртібі
тегін көрсетіледі
Қызмет көрсету мерзімі
1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге не ХҚО-ға құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде; ХҚО жүгінген кезде қабылдану күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді. Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші қызмет көрсету қорытындысын қызмет көрету мерзімі аяқталғанға бір күн қалғанда береді. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күн ішінде ұсынылған құжаттарының толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызмет беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудын дәлелді бас тартады; 2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 15 минут; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 15 минут.
Жұмыс кестесі
1) көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, жұмыс кестесіне сәйкес 13.00-дан бастап 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін. Қабылдау сағат 9.00-ден бастап 17.30-ге дейін түскі үзіліспен 13.00-дан бастап 14.30-ға дейін көрсетілетін қызметті берушілер орналасқан жерде, алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек тәртібімен жүзеге асырылады; 2) ХҚО - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Қажетті құжаттар
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 қосымшада белгіленген нысан бойынша өтініш; 2) түстік шешімі және өлшемдері бар объекті эскизінің көшірмесі немесе оның түпнұсқасы; 3) жеке басты куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін). Жеке тұлғаның тіркелуін (қайта тіркелуін), жеке кәсіпкер ретінде тіркелуін растайтын құжат мәліметін көрсетілетін қызметті алушы «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады. Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады. ХҚО дайын құжаттарды беру тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхатының негізінде, жеке келген кезде қол қойғызып және жеке басын не уәкілетті өкілді: өкілеттігін растайтын құжат бойынша занды тұлғаны; нотариат куәландырған сенімхат бойыншы жеке тұлғаны куәландыратын құжатты ұсыну бойынша жүзеге асырылады. ХҚО нәтижені бір айлық мерзімде сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оны көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін береді. Көрестілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген жағдайда, ХҚО сұрау салу бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды ХҚО көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жібереді.
Қызмет көрсетілуінің нәтижесі
халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға паспорт