Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын анықтау бойынша анықтама беру

Қызметтің атауы
Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру
Қызметті көрсететін Мемлекеттік орган
«Шалқар аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі ММ
Қызметтің тұтынушылары
Заңды және жеке тұлғалар
Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін формасы
электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
Қызметтің көрсетілетін орыны
ХҚКО;
www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы.
Көрсетілетін қызметтің құны мен ақы төлеу тәртібі
тегін
Қызмет көрсету мерзімі
1) ХҚКО-ға немесе порталға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап: жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын нақтылау бойынша анықтама беру – 15 (он бес) минут; ХҚКО-ға: жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын нақтылау бойынша анықтама беру («Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінде жылжымайтын мүлік объектісі мекенжайының өзгеруі туралы мұрағаттық мәліметтер болмаған кезде) – 3 (үш) жұмыс күні; жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жеріне барып және мекенжайдың тіркеу кодын көрсете отырып, оны «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінде міндетті тіркей отырып, жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжай беру немесе жою туралы анықтама беру – 7 (жеті) жұмыс күні; ХҚКО-ға өтініш білдірген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді; 2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты – 15 (он бес) минут; 3) қызмет көрсетудің ең көп рұқсат берілген уақыты – 15 (он бес) минут.
Жұмыс кестесі
1) ХҚКО – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін. «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінде ақпарат болған жағдайда, қабылдау қөрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша жүргізілсе, жылжымайтын мүлік орналасқан жер бойынша объекті болмаса, онда қабылдау жеделдетілмеген қызмет көрсетудің «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады. Портал арқылы электрондық кезекті брондауға болады; 2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш білдірген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелері келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Қажетті құжаттар
1) ХҚО-ға: жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау бойынша анықтама алу үшін:1. өтініш;2. жеке тұлғаның жеке куәлігі (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы ұсынылады). Жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжай беру бойынша анықтама алу үшін:1. өтініш;2. жеке тұлғаның жеке куәлігі (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы ұсынылады); жылжымайтын мүлік объектісіне техникалық паспорттың көшірмесі (сәйкестендіру үшін түпнұсқасы ұсынылады). Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын жою бойынша анықтама алу үшін:1. өтініш;2. жеке тұлғаның жеке куәлігі (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы ұсынылады).
2) жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау үшін портал арқылы жүгінген кезде: электрондық сұрау нысанындағы өтініш.
Қызмет көрсетілуінің нәтижесі
мекенжайдың тіркеу кодын көрсете отырып, жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау, беру, жою болып табылады.