Мемлекет жеке меншiкке сататын нақты жер учаскелерiнiң кадастрлық (бағалау) құнын бекiту

Қызметтің атауы
«Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту»
Қызметті көрсететін Мемлекеттік орган
«Шалқар аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ
ХҚКО;(Шалқар филиалы)
Қызметтің тұтынушылары
Заңды және жеке тұлғалар
Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін формасы және мерзімі
Қағаз түрінде.
3 (үш) жұмыс күні.
Қызметтің көрсетілетін тәртібі
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурызында № 272 бұйрығымен бекітілген
Қажетті құжаттар
1) Көрсетілген қызметті берушіге немесе ХҚКО-ға:
1. осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2. осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін мемлекеттік кәсіпорын есептеген жер учаскесінің бағалау құнын айқындау актісі.
Жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші немесе ХҚКО қызметкері «электрондық үкімет» шлюзы арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Қазақстан Республикасының заңдарында басқаша көзделмесе, көрсетілген қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
Қызмет көрсетілуінің нәтижесі
Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнының бекітілген актісі.