Жер учаскелерiнiң нысаналы мақсатын өзгертуге шешiм беру

Қызметтің атауы
«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»
Қызметті көрсететін Мемлекеттік орган
Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтің жергілікті атқарушы органдары
ХҚКО; (Шалқар филиалы)
www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы;
Қызметтің тұтынушылары
Заңды және жеке тұлғалар
Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін формасы және мерзімі
Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
30 (отыз) күнтізбелік күн.
Қызметтің көрсетілетін тәртібі
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурызында № 272 бұйрығымен бекітілген
Қажетті құжаттар
Көрсетілетін қызметті берушіге, ХҚКО-ға:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
3) жер учаскесін сатып алу қажет болған жағдайда, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнының актісі;
порталда:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған өтініш;
2) жер учаскесін сатып алу қажет болған жағдайда, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнының актісі - құжаттың электрондық көшірмесі түрінде.
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе паспорты туралы мәліметтерді, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаларды көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) ХҚКО-ның қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден уәкілетті адамның ЭЦҚ-сымен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттар нысанында алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ХҚКО қызметкері көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін алады;
Қызмет көрсетілуінің нәтижесі
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім.