«Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау қызметінің ПАСПОРТЫ

Көрсетілетін қызметті беруші
«Шалқар аудандық білім бөлімі» ММ
Көрсетілетін қызметті тұтынушылар
жеке тұлғалар
Көрсетілетін қызметтің нысаны
қағаз жүзінде
Көрсетілетін қызметті ұсыну орны
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
Қажетті құжаттар
1) осы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім; 2) облыстардың, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының басшылары растаған Конкурс қатысушысына берілген ұсыным; 3) жұмыс орны растаған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парағы; 4) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 5) педагог портфолиосы; 6) конкурсқа қатысушының өзінің педагогикалық қызметі туралы талдау есебі; 7) электрондық тасымалдағыштағы (компакт-дискідегі) сабақтар; 8) эссе; 9) Конкурсқа қатысушының карточкалық базадағы 20 таңбалы қолданыстағы ағымдағы шоты туралы хабарлама.
Көрсетілетін қызметтің құны мен ақы төлеу тәртібі
тегін көрсетіледі
Көрсетілетін қызметті көрсету мерзімдері
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үш кезеңнен тұрады. I кезең – білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері аудандық және қалалық білім бөлімдеріне құжаттар топтамасын тапсырған кезде – жыл сайын 1 сәуірге дейін; II кезең – аудандық және қалалық білім бөлімдерінің өкілдері алдыңғы кезеңде таңдап алынған құжаттар топтамасын облыстық білім басқармаларына тапсырған кезде – 1 мамырға дейін; III кезең – облыстық білім басқармалары, Республикалық мектептер өкілдері Министрлікке құжаттарды тапсырған кезде – 30 тамызға дейін. құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут; қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут.
Көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесі
«Үздік педагог» атағын беру, куәлік, төсбелгі тапсыру және 1000 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде сыйақы төлеу