Күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт астам немесе белгіленген жылу қуаты сағатына 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз теңгерімінде 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары кернеудегі электр

Қызметтің атауы
110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектілер үшін қайталанатын (шунтталатын) электр беру желілері мен қосалқы станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы қорытынды беру
Қызметті көрсететін Мемлекеттік орган
«Шалқар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ
Қызметтің тұтынушылары
жеке және заңды тұлғалар
Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін формасы
электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде
Қызметтің көрсетілетін орыны
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы
Көрсетілетін қызметтің құны мен ақы төлеу тәртібі
тегін көрсетіледі
Қызмет көрсету мерзімі
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезден бастап – күнтізбелік 30 (отыз) күн; Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді. 2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут; 3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
Жұмыс кестесі
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз көрсетіледі; 2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының енбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Қажетті құжаттар
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш; техникалық шарттардың көшірмесі; пайдаланушыны қосу схемасы; жүйелік оператордың қорытындысы энергия беруші ұйымның қорытындысы (110 кВ және одан төмен объектілер үшін) (міндетті емес). 2) порталға: көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу; техникалық шарттардың көшірмесі; пайдаланушыны қосу схемасының электрондық көшірмесі; жүйелік оператор қорытындысының электрондық көшірмесі; энергия беруші ұйымның қорытындысы (110 кВ және одан төмен объектілер үшін) (міндетті емес). Жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Қызмет көрсетілуінің нәтижесі
110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектілер үшін қайталанатын (шунтталатын) электр беру желілері мен қосалқы станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы қорытынды беру осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес