Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру

Қызметтің атауы
Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру
Қызметті көрсететін Мемлекеттік орган
«Шалқар аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі ММ
шалқар қаласы әкімі аппараты
Ауылдық округтер әкімі аппараттары
Қызметтің тұтынушылары
Заңды және жеке тұлғалар
Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін формасы
электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
Қызметтің көрсетілетін орыны
1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚКО); 2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы
Көрсетілетін қызметтің құны мен ақы төлеу тәртібі
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жер учаскесін таңдау актісі келісілген жағдайда жеке және заңды тұлғаларға ақылы көрсетіледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет құнына 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 152-бабына сәйкес осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мөлшерде есептелетін жер учаскесіне жер-кадастр жоспарын дайындау құны кіреді. Жер учаскесіне жер-кадастр жоспарын дайындауға төлем жүргізу қолма қол және екінші деңгейлі банктер арқылы «ЖерҒӨО» РМК есеп шотына аудару нысанында, не «ЖерҒӨО» филиалының ғимаратындағы кассаға төлеу арқылы жүзеге асырылады, ол бойынша осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысанда төлемнің мөлшері мен күнін растайтын төлем құжаты (түбіртек) беріледі. Веб-портал арқылы мемлекеттік қызметті алуға электронды сұраным берген кезде төлем жасау «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады. Жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға олар он сегіз жасқа толғанға дейінгі кезеңге жер учаскесіне жер-кадастр жоспарын әзірлеу ақысыз негізде жүзеге асырылады.
Қызмет көрсету мерзімі
1) ХҚКО мен порталға құжаттар пакетін тапсырған күннен бастап: 1-кезең: келістіруші органдар мен ұйымдардың құпталған қорытындыларымен жер учаскесін таңдау актісін дайындау - 28 жұмыс күні; 2-кезең: көрсетілетін қызметті берушілер жерді таңдаудың түпкілікті актісін келісу және жер-кадастрлық жұмысқа ақы төлеу кезінде - жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығару - 22 жұмыс күні; құжаттардың толық пакетін ұсынбаған кезде өтінішті қараудан бас тарту - 2 жұмыс күні; осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту - 14 жұмыс күні. 2) құжаттар пакетін тапсыру үшін кезек күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут; 3) құжаттарды жол берілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут. ХҚКО-ға өтініш жасаған кезде құжаттарды қабылдаған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Жұмыс кестесі
1) ХҚКО-да - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет жер учаскесінің орналасқан орны бойынша жеделдетіп қызмет көрсетусіз, «электрондық кезек» тәртібінде көрсетіледі, портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады; 2) порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (өтініш беруші жұмыс күні аяқталған кезде, демалыс және мереке күндері өтініш берген жағдайда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
Қажетті құжаттар
ХҚКО-ға: 1-кезең: 1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; 2) жер учаскесінің орналасқан жерінің схемасы; 3) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаның жеке басын сәйкестендіру үшін қажет); жерді таңдаудың түпкілікті актісін келісуді және жер-кадастрлық жұмысқа ақы төлеуді өтініш иесі үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Өтініш иесінің келісуден өтпеген жерді таңдау актісін қолдану мерзімі он жұмыс күнін құрайды. Көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін, ХҚКО келісілмеген жерді таңдаудың актісін қызметті алушыны хабардар ете отырып жою үшін тиісті жергілікті атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне қайтарады; 2-кезең: 1) түпкілікті келісілген жерді таңдау актісі; 2) жер-кадастрлық жұмыс қызметі үшін төлем құжаты. Өтініш иесі хабарлама алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде екі данада уақытша жерді пайдалану шартына қол қояды. Өтініш иесінің қолы қойылмаған уақытша жер пайдалану шартын қолдану мерзімі жеті жұмыс күнін құрайды. Көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін, ХҚКО жер учаскесін ұсыну туралы шешімін қызметті алушыны хабардар ете отырып күшін жою үшін облыс, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудан, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдардың жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне қайтарады. Мемлекеттік қызметті көрсеткен кезде көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді. ХҚКО қызметкері құжаттарды қабылдаған кезде құжаттардың электрондық көшірмелерін жасайды, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады. Порталға: 1-кезең: 1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық құжат нысанындағы өтініш; 2) жер учаскесін орналастыру схемасының электрондық көшірмесі; жерді таңдаудың түпкілікті актісін келісуді және жер-кадастрлық жұмысқа ақы төлеуді өтініш иесі үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Өтініш иесінің келісуден өтпеген жерді таңдау актісін қолдану мерзімі он жұмыс күнін құрайды. Көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін, ХҚКО келісілмеген жерді таңдаудың актісін қызметті алушыны хабардар ете отырып жою үшін тиісті жергілікті атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне қайтарады; 2-кезең: 1) электрондық құжат нысанында түпкілікті келісілген жерді таңдау актісі; 2) жер-кадастрлық жұмыс қызметі үшін төлем құжаты. Өтініш иесі хабарлама алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде уақытша жерді пайдалану шартына қол қояды. Өтініш иесінің қолы қойылмаған уақытша жер пайдалану шартының қолдану мерзімі жеті жұмыс күнін құрайды. Көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін, ХҚКО жер учаскесін ұсыну туралы шешімін қызметті алушыны хабардар ете отырып күшін жою үшін облыс, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудан, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдардың жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне қайтарады.
Қызмет көрсетілуінің нәтижесі
жер-кадастр жоспарын (1-қосымша) және уақытша (қысқа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi) өтеулi (өтеусіз) жер пайдалану шартын қоса бере отырып жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін алғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы уақытша (қысқа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi) өтеулi (өтеусіз) жер пайдалану шартына қол қояды және оны жер қатынастары бойынша өкілетті органында тіркелгеннен кейін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес одан әрі тіркеу үшін жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органға жібереді. Жер учаскесін жеке тұрғын үй салу үшін сұраған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының өтініші (қолдаухаты) арнайы есепке алынады және бөлуге арналған алаңдар дайын болғанда не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақ болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыны хабардар ете отырып қанағаттандырылады. Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі