Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы
«Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»
Көрсетілетін қызметті беруші
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті аудандық және аудандық деңгейдегі қалалық жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)
Көрсетілетін қызметті тұтынушылар
жеке тұлғалар
Көрсетілетін қызметтің нысаны
қағаз жүзінде
Көрсетілетін қызметті ұсыну орны
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – орталық) арқылы жүзеге асырылады
Қажетті құжаттар
1) мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
2) қайтыс болу фактісін растайтын құжат;
3) қайтыс болған адамның куәлігі;
4) көрсетілетін қызметті алушының өкілі өтініш жасаған жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат;
5) қажет болған кезде қайтыс болу фактісін белгілеу туралы немесе адамды қайтыс болған деп хабарлау туралы соттың заңды күшіне енген шешімі;
6) 2008 жылға дейін қайтыс болған тұлғаларға қатысты қайтыс болған жері мен тұрғылықты жері бойынша қайтыс болу туралы акт жазбасының жоқтығы туралы облыстық (республикалық маңызы бар қаланың) аумақтық әділет органының анықтамалары қосымша тапсырылады.Қайтыс болуы туралы акт жазбасына, өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін қажетті құжаттардың тізбесі: 1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш; 2) қайтыс болғанын тіркеу туралы куәлік, куәліктің түпнұсқасы жоғалып қалған жағдайда – қайтыс болғанын тіркеу туралы анықтама; 3) өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу қажеттігін растайтын құжаттар; 4) бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат немесе салық жеңілдіктерін беруге негіз болып табылатын құжат; 5) көрсетілетін қызметті алушының өкілі өтініш жасаған кезде нотариатта куәландырылған сенімхат.
Көрсетілетін қызметтің құны мен ақы төлеу тәртібі
Мемлекеттік қызмет ақылы/ақысыз көрсетіледі.
Қайтыс болуды тіркеу жөніндегі мемлекеттік қызмет ақысыз көрсетіледі.
Қайтыс болу туралы актіге өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізілуіне байланысты куәлікті бергені үшін 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.
Мемлекеттік баж сомасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мөлшерде есептеледі және заңдық маңызы бар іс-әрекеттер жасалған және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдар немесе лауазымды тұлғалар құжаттар берілген орны бойынша есепке алынады.
Жұмыс кестесі
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, сағат 10.00 - ден 17.00-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00 - ден 14.30 - ға дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезекке тұру тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз көрсетіледі.
2) орталықта – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, сағат 9.00-ден 20.00-ға дейін үзіліссіз.
Көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі
1) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған күннен бастап:
қайтыс болуды тіркеу жөніндегі мемлекеттік қызмет 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетіледі (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді).
қайтыс болу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініштер «АХАЖ» тіркеу пункті ақпараттық жүйесінде акт жазбаларының электрондық нұсқалары болған кезде күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде қаралады, қосымша зерделеу мен тексеруді жүргізу қажет болған кезде қарау мерзімі өтініш берушіні бұл туралы 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабардар ете отырып, күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады.
2) орталыққа:
қайтыс болуды тіркеу жөніндегі мемлекеттік қызмет 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетіледі (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді).
қайтыс болу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініштер «АХАЖ» тіркеу пункті ақпараттық жүйесінде акт жазбаларының электрондық нұсқалары болған кезде күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде қаралады, қосымша зерделеу мен тексеруді жүргізу қажет болған кезде қарау мерзімі өтініш берушіні бұл туралы 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабардар ете отырып, күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;
3) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат берілетін ең ұзақ күту уақыты :
көрсетілетін қызметті берушіге – 20 (жиырма) минут;
орталыққа – 15 (он бес) минут;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты:
көрсетілетін қызметті берушіде – 20 (жиырма) минут;
орталықта – 15 (он бес) минут.
Көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесі
1) көрсетілетін қызметті берушіде:
қайтыс болуды тіркеу және жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде және қайтыс болғаны туралы куәлікті қағаз жеткізгіште беру;
жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде өзгерістер, толықтырулар енгізілген және түзетілген құжатты қағаз жеткізгіште берген көрсетілетін қызметті берушінің қолы қойылған жаңа куәлік беру;
2) орталықта:
жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті қағаз жеткізгіште беру;
жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде өзгерістер, толықтырулар енгізілген және түзетілген құжатты қағаз жеткізгіште берген көрсетілетін қызметті берушінің қолы қойылған жаңа куәлік беру.