Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы
«Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»
Көрсетілетін қызметті беруші
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті аудандық және аудандық деңгейдегі қалалық жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде «электрондық үкіметтің» веб-порталы
Көрсетілетін қызметті тұтынушылар
жеке тұлғалар
Көрсетілетін қызметтің нысаны
электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде
Көрсетілетін қызметті ұсыну орны
1) көрсетілетін қызметті беруші;
«электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал): www.e.gov.kz
Қажетті құжаттар
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
2) мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат;
3) бұрынғы некелері (ерлі-зайыптылықтары) болған жағдайда, ол туралы мәлімет;
4) балалары болған жағдайда, олар туралы мәлімет;
5) бір-бірінің денсаулық жағдайы және материалдық жағдайы туралы, сондай-ақ неке отыруға (ерлі-зайыпты болуға) кедергінің жоқтығы туралы хабардар екендігі туралы қолхат;
6) заңмен белгіленген неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) тіркеу мерзімін қысқарту немесе ұзарту қажет болған кезде қосымша мерзімді ұзартудың немесе қысқартудың негізін растайтын құжаттар ұсынылады;
7) егер неке жасына толмаған адамдар некеге отырса (ерлі-зайыпты болса), қосымша некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың заңды өкілдерінің келісімі ұсынылады;
шетелдіктер қосымша мыналарды:
8) некеге құқық қабілеттігі туралы анықтаманы;
9) тұруға арналған ықтиярхатты, Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдік Қазақстан Республикасының iшкi iстер органы берген Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат ететін құжатын ұсынады; Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адам тұрғылықты жерi бойынша тiркелгендiгi туралы Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының белгiсi бар азаматтығы жоқ адамның куәлiгiн ұсынады. Қазақстан Республикасында уақытша болатын азаматтығы жоқ адам оның жеке басын куәландыратын, өзі тұратын елдiң құзыреттi органдары берген және Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдарында белгiленген тәртiппен тiркелген құжатын көрсетеді;
10) қажет болған жағдайда – өзі азаматы болып табылатын мемлекеттің құзыретті органынан некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) рұқсатты;
11) жеке басын куәландыратын құжаттарды көрсетумен қатар олардың мәтiнiнiң нотариатта куәландырылған қазақ тiлiндегi немесе орыс тiлiндегi аудармасын ұсынады
Көрсетілетін қызметтің құны мен ақы төлеу тәртібі
Мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі.
Неке қиюды мемлекеттік тіркеу үшін 100 пайыз мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.
Неке туралы акт жазбасын өзгеруге, толықтыруға, түзетуге және қалпына келтіруге байланысты куәлік бергені үшін 50 пайыз мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.
Мемлекеттік баж сомасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі және заңдық маңызы бар іс-әрекеттер жасалған және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар берген орны бойынша есепке алынады
Жұмыс кестесі
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 10.00-ден 17.00-ға дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
2) порталдың – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда)
Көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап:
неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) тіркеу некеге тұруға (ерлі-зайыпты болуға) ниет білдірушілердің көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген күннен бастап бір ай өткеннен кейін жүргізіледі (қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді);
некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың бірлесе берген өтініші бойынша тиісті құжаттармен (дәрігерлік-біліктілік комиссияның жүктілік туралы анықтамасы, денсаулық жағдайы туралы анықтама, басқа да ерекше мән-жайларды растайтын анықтамалар) расталатын дәлелді себептердің болуы кезінде (жүктілігі, бала тууы, тараптардың бірінің өміріне тікелей қауіп төнгенде және басқа да ерекше мән-жайлар) неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу орны бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір ай өткенге дейін неке қиюға (ерлі-зайыпты болуға) рұқсат береді не мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушылардың не олардың бірінің берген жазбаша өтініші негізінде оны бір айдан аспайтын мерзімге ұзартады;
ерекше мән-жайлар (жүктілігі, бала тууы, тараптардың бірінің өміріне тікелей қауіп төнгенде және басқа да ерекше мән-жайлар) болған кезде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың ниеті бойынша, себебі мен растайтын құжаттарды міндетті түрде көрсете отырып, өтініш берілген күні жүргізіледі;
неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) салтанатты тіркеу рәсімінің ұзақтығы 20 (жиырма) минуттан аспауы тиіс;
«АХАЖ» тіркеу пункті ақпараттық жүйесінде акт жазбаларының электрондық нұсқасы болған кезде неке қию туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде қаралады, қосымша зерделеуді немесе тексеруді жүргізу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 2 жұмыс күні ішінде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 15 (он бес) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;
2) порталда – өтінішті алғанын растау және тегін, атын және әкесінің атын өзгертуді тіркеу күнін және уақытын белгілеу бөлігінде ақпаратты бір жұмыс күні ішінде алу.
3) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін рұқсат берілетін ең ұзақ күту уақыты – 20 (жиырма) минут;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут
Көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесі
1) көрсетілетін қызметті берушіде:
неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу және жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті қағаз жеткізгіште беру не қағаз жеткізгіште мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту;
жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде өзгерістер, толықтырулар енгізілген және түзетілген құжатты қағаз жеткізгіште берген уәкілетті адамның қолы қойылған жаңа куәлік беру не қағаз жеткізгіште мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту;
2) порталда:
көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында электрондық өтінішті және неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу күнін белгілеуді қабылдау туралы хабарлама не электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту