Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы
«Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»
Көрсетілетін қызметті беруші
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті аудандық және аудандық деңгейдегі қалалық жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)
Көрсетілетін қызметті тұтынушылар
жеке тұлғалар
Көрсетілетін қызметтің нысаны
электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде
Көрсетілетін қызметті ұсыну орны
1) көрсетілетін қызметті беруші;
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – орталық)
«электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал): www.e.gov.kz
Қажетті құжаттар
соттың шешімі негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін:
1) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
3) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы сот шешімінің көшірмесі;
4) бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат;
5) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат;
кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін:
1) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы бірлескен өтініш;
3) некені қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік;
4) бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат;
сот шешімінің негізінде белгіленген тәртіпппен хабарсыз кеткен немесе жан күйзелісі сырқаты немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдармен, не қылмыс жасағаны үшін үш жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін:
1) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
3) сот шешімінің немесе сот үкімінің көшірмесі;
4) неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік;
5) бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат;
6) көрсетілетін қызмет алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат;
өзгерістер, түзетулер және толықтырулар енгізу үшін:
1) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 4-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
3) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік, егер куәліктің түпнұсқасы жоғалған болса – некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы анықтама;
4) бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат;
5) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариатта куәландырылған сенімхат
Көрсетілетін қызметтің құны мен ақы төлеу тәртібі
Мемлекеттік қызмет ақылы көрсетіледі.
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркегені үшін мемлекеттік баж мынадай мөлшерде алынады:
кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша – 2 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК);
сот шешімі негізінде – 1,5 АЕК (ерлі-зайыптылардың бірінен немесе екеуінен де);
сот шешімінің негізінде белгіленген тәртіпппен хабарсыз кеткен немесе жан күйзелісі сырқаты немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардан, не қылмыс жасағаны үшін үш жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардан – 0,1 АЕК.
Некені бұзу туралы акт жазбасын өзгерту, толықтыру, түзету мен қалпына келтіруге байланысты куәлік бергені үшін 0,5 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.
Мемлекеттік баж сомасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі және заңдық маңызы бар іс-әрекеттер жасалған және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар берген орны бойынша есепке алынады
Жұмыс кестесі
1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 10.00-ден 17.00-ға дейін, үзіліс 13-00-ден 14.30-ға дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
2) орталықта – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеделдетіп қызмет көрсетусіз, «электрондық» кезек тәртібімен көрсетіледі, электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады.
3) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
Көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі
1) құжаттардың топтамасын тапсырған кезден бастап:
көрсетілетін қызметті берушіге немесе орталыққа:
сот шешімінің негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, сот шешімінің негізінде белгіленген тәртіпппен хабарсыз кеткен немесе жан күйзелісі сырқаты немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдармен, не қылмыс жасағаны үшін үш жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу жөніндегі мемлекеттік қызмет сот шешімінің негізінде 2 (екі) жұмыс күні ішінде (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) көрсетіледі;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында белгіленген құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік 15 (он бес) күнге дейін ұзартылады, басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 15 (он бес) күннен аспайтын мерзімге ұзартылады (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу күнтізбелік 30 (отыз) күннің ішінде (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) көрсетіледі;
өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу туралы өтініш күнтізбелік 15 (он бес) күннің ішінде қаралады, қосымша зерделеу немесе тексеру қажет болған кезде көрсетілетін қызметті алушыны қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабарландыра отырып, күнтiзбелiк 15 (он бес) күннен аспайтын мерзімге ұзартылады;
2) порталда – өтінішті алғанын растау және бір жұмыс күн ішінде некені бұзуды тіркеу күнін, уақытын белгілеу бөлігінде ақпарат алу.
3) көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың топтамасын тапсыру үшін рұқсат берілетін ең ұзақ күту уақыты:
көрсетілетін қызметті берушіге – 20 (жиырма) минут;
орталыққа – 15 (он бес) минут;
4) көрсетілетін қызметті алушыға рұқсат берілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты:
көрсетілетін қызметті берушіге – 20 (жиырма) минут;
орталыққа – 15 (он бес) минут;
Көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесі
1) көрсетілетін қызметті берушіде:
жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну кезінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу және некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті қағаз жеткізгіште беру;
жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну кезінде қағаз жеткізгіште құжатты берген көрсетілетін қызметті берушінің қолы қойылған енгізілген өзгерістермен, толықтырулармен және түзетулерімен жаңа куәлік беру;
2) орталықта:
жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде некені
(ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті қағаз жеткізгіште беру;
жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну кезінде
енгізілген өзгерістерімен, толықтырулармен және түзетулерімен қағаз жеткізгіште құжатты берген көрсетілетін қызметті берушінің қолы қойылған жаңа куәлік беру;
3) порталда – көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының
ЭЦҚ-сымен куәландырылған электронды құжат нысанындағы некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеуге электрондық өтінішті қабылдау және оның күнін белгілеу туралы хабарламасы