Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу мемлекеттік көрсетілетін қызметінің ПАСПОРТЫ

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы
«Тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерініңжазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулеренгізу»
Көрсетілетін қызметті беруші
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті аудандық және аудандық деңгейдегі қалалық жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Көрсетілетін қызметті тұтынушылар
жеке тұлғалар
Көрсетілетін қызметтің нысаны
электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде
Көрсетілетін қызметті ұсыну орны
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы» (бұдан әрі – портал): www.e.gov.kz
Қажетті құжаттар
1) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
3) 2008 жылға дейін неке қиюды тіркеген адамдар үшін ата-анасының неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлігінің көшірмесі;
4) туу туралы медициналық куәлігін немесе туу фактісін белгілеу туралы сот шешімінің көшірмесі (ақпарат жүйесінде мәліметтер болмаған жағдайда);
5) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариатта куәландырылған сенімхат.
Белгіленген мерзімді бұза отырып баланың тууын тіркеген жағдайда қосымша ұсынылады:
1) ата-анасының түсініктеме жазбалары;
2) баланың туған жері мен ата-анасының тұрғылықты жері бойынша туу туралы акт жазбасының жоқтығы туралы аумақтық әділет органының анықтамасы (бала 2008 жылға дейін туған жағдайда);
3) баланың тұратын жері бойынша оның денсаулығы туралы медициналық анықтама (жүгінген кезден бастап 7 күннен кешіктірілмей берілген);
4) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариатта куәландырылған сенімхат.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе орталыққа жүгінген кезде туу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
3) көрсетілетін қызметті алушының туу туралы куәлігі, куәліктің түпнұсқасы жоғалған жағдайда – тууды тіркеу туралы анықтама;
4) өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізудің қажеттігін растайтын құжаттар;
5) мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжатты немесе салық жеңілдіктерін беру үшін негіз болып табылатын құжат;
6) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда, нотариатта куәландырылған сенімхат.
Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті беруші арқылы көрсету үшін қажетті құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға мыналар: 1) өтініштің қабылданған күні; 2) қоса берілген құжаттардың саны; 3) құжаттарды беру күні, уақыты; 4) құжаттарды рәсімдеуге өтінішті қабылдаған маманның тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген қолхат беріледі. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді, сондай-ақ егер тіркеу 2008 жылдан кейін жүргізілген болса, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерді көрсетілетін қызметті беруші немесе орталық қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйлерден мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-мен куәландырылған электронды құжаттар нысанында алады.
Көрсетілетін қызметтің құны мен ақы төлеу тәртібі
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы/ақысыз көрсетіледі.
Тууды мемлекеттік тіркеу ақысыз көрсетіледі.Туу туралы акт жазбасын өзгертуге, толықтыруға, түзетуге және қалпына келтіруге байланысты куәлік бергені үшін 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік баж алынады. Мемлекеттік баж сомасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі және заңдық маңызы бар іс-әрекеттер жасалған және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар берген орны бойынша есепке алынады.
Жұмыс кестесі
1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 10.00-ден 17.00-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
2) орталықта – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сай және белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеделдетіп қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібімен көрсетіледі, электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады. 3) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
Көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі
1) құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап:
көрсетілетін қызметті берушіге немесе орталыққа – 2 (екі) жұмыс күні (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді); осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында белгіленген құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік 15 (он бес) күнге дейін ұзартылады, басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны ұзартылған кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 15 (он бес) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады; белгіленген мерзімді бұза отырып, баланың тууын тіркеген жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызмет күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде көрсетіледі; туу туралы акті жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш «АХАЖ» тіркеу пункті ақпараттық жүйесінде акт жазбаларының электрондық нұсқалары болған кезде күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде қаралады, басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 2 жұмыс күні ішінде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 15 (он бес) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады; 2) порталда – өтінішті алғандығын растау және тууды тіркеу күнін, уақытын белгілеу бөлігінде ақпаратты бір жұмыс күні ішінде алу; 3) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін рұқсат берілген ең ұзақ күту уақыты: көрсетілетін қызметті берушіге – 20 (жиырма) минут; орталыққа – 15 (он бес) минут; 4) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты: көрсетілетін қызметті берушіде – 20 (жиырма) минут; орталықта – 15 (он бес) минут.
Көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесі
1) көрсетілетін қызметті берушіде: тууды тіркеу және жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде тууды тіркеу туралы куәлікті қағаз жеткізгіште беру; жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде өзгерістер, толықтырулар енгізілген және түзетілген құжатты қағаз жеткізгіште берген көрсетілетін қызметті берушінің қолы қойылған жаңа куәлік беру; 2) орталықта: жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде туу туралы куәлікті қағаз жеткізгіште беру; жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде өзгерістер, толықтырулар енгізілген және түзетілген құжатты қағаз жеткізгіште берген көрсетілетін қызметті берушінің қолы қойылған жаңа куәлік беру; 3) порталда – көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында электрондық өтінішті және тууды тіркеу күнін белгілеуді қабылдау туралы хабарлама. Портал арқылы жүгіну кезінде дайын құжаттарды беру орталықта жүзеге асырылады.